Некесіз туған баламның әкесімен араласқаным дұрыс па?

Oinet.kz 07-07-2023 3370

Амансыздар ма құрметті оқырман! Өзім істеген қателіктен бармағымды тістеп, өмір сүріп жатқан жайым бар. Соңғы уақытта тіпті түнде ұйқым қашты. Бір жеңілдеп қалғым келгендіктен осында оқиғамды жазып отырмын.

Screenshot_1.jpg

Мен осыдан екі жылдай бұрын бір жігітпен таныстым. Екеуміз түнгі клубта танысқан едік. Құрбыларыммен туған күн тойлатып жүргенбіз. Аздап қызып алғанбыз, бір топ жігітпен танысып, таң атқанша солармен көңіл көтердік. Олардың ішінде бір жігіт маған ерекше ұнады, қалайда оны өзіме қаратуға тырыстым. Танысқанымызға екі-үш күн болғанда төсекте табысып та үлгердік.

Ол өте салмақты, көп сөйлемейтін жігіт еді. Ол мені ұнататын сыңай білдірген жоқ. Бірақ түнді бірге өткізуге қарсы болмайтын. Тіпті күн ара келіп тұрды десем болады. Ал мен оны сүйіп қалдым.

Осылайша 6 айдай жүрдік. Бір күні жүкті екенімді білдім. Аяғымның ауыр екенін жігітіме айтып едім, ол бірден баланы алдырт деді. Мені сүймейтінін, үйленгісі келмейтінін айтты. Оны да түсінемін, өйткені мен оған адал болған жоқпын. Мен 19 жасымда бір жігітке алданған едім.

Сонымен осыдан бір жарым жыл бұрын дүниеге ұл бала әкелдім. Жігітімнің баланы қабылдамағанына қарамастан босануға шешім қабылдадым және бұған еш өкінбеймін.

Бала туылғаннан кейін әкесі біраз уақытқа дейін келмеді. Бірақ 3 айлығында келіп баланы көрген соң келуін қайта жиілетті. Баласына қарасып тұрады, бірақ баласы бар екенін ешкімге айтпауымды өтінді. Оның маған үйленгісі келмейтінін білемін, бірақ баламды әкесінен айырғым да жоқ.

Бірде абайсызда оның телефонына келген смс-хаттарды оқып қалдым. Кездесіп жүрген, ұнататын қызы бар екен. Оны ұнататын секілді.

Бірақ оның менен де айырлығысы келмейді, мені қызғанады. Не істерімді білмей басым қатып кетті.

Араласпай кетсем бе, ал балам ше? Мені бір баламмен кім алады?Өзім əкесіз өскен соң баланың әкесі болғанын қалаймын.

Енді не істесем болады?

Аноним

Alashainasy.kz 

Молда байым жас қызбен көңіл көтеріп жүр
10 сынып оқып жүргенімде еңгезердей жатыпішер біреу тағдырымды құртты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу