Күйеуім қит етсе киімін жинап кетіп қалады

Oinet.kz 14-07-2023 1562

Мен С.Торайғыровтың "Жақсылық көрсем - өзімнен, жамандық көрсем өзімнен" деген қағидасымен өмір сүріп жүрген адам едім. Алайда, отбасылық өмірде бір адам ғана кінәлі болмайтыны рас екен. Отбасы екі адамның ақылдылығымен, сабырлығымен берік болса, екі адамның ақымақтығымен ажырап жатпай ма? Таяқтың екі ұшы бар ғой.

Screenshot_1.jpg

Өзім оңтүстіктің қызымын, өзге облысқа тұрмысқа шықтым. Төркінім алыс екенін пайдаланып енем де қол көтерді, ажырасқан қайным да ішіп келіп ұрды. Шыдамның да шегі бар ғой, менің осындай күй кешіп жүргенімді ата-анам да естіді. Əке-шешем алып кетеміз дегенде, мен қаламын, шаңырағымды шайқалтпаймын дедім.

Күйеуімнің ата-анасы, туған -туыстарымен бірге тұрып, дұрыс отбасы бола алмайтынымызды білген соң бөлек кетейік деп, ақыры күйеуімді көндірдім. Сөйтіп бөлек те шықтық. Жап-жақсы тұрып жатыр едік. Бірақ арамызда болмашы ұрыс болса, күйеуім заттарын, тіпті ыдыс-аяқтарына дейін жинап, қызым екеуімізді тастап кетіп қалады.

Пәтер жалдап тұрамыз, жатақханада да тұрдық, үй иелерімен бірге де тұрдық. Пәтер жалдағысы келмей ме? Қазір де кетіп қалды. Осымен 4 рет тастады, өзі қайтып келеді, қашанғы шыдап отырамын? Кеше жұмыстан шықтым, əкем келіп қызым екеуімізді алып кетеді. Күйеуім жаман адам емес, бірақ өз ата-анасының айтқанынан шыға алмайды. Ол жақтан бізге ешқандай көмек жоқ. Тұрып жатқан пәтеріміздің, тіпті балабақшаның ақшасын да менің əке-шешем беріп отырады. Күйеуім жұмыс істеп, отбасын бағуға, өзімен өзі болуға талпынбайтыны менің ашуымды келтіреді. Біраз бөлек тұрып көрмек ойым бар. Менің шешімім дұрыс па?

Аноним

Аlashainasy.kz

Өгей ағам мені зорлаған көршінің ұлын итке талатты
Қалыңдық күйеу жігітті тастап, ғашығымен қашып кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу