Балгерге барып оның ақылың тыңдаған соң күйеуіммен ажырасып тындым

Oinet.kz 03-08-2023 3444

Ерте тұрмысқа шықтым. Оқуымды үздік бітіріп, жолдасым екеуміз саудамен айналыстық. Басқа елден тапсырыс беріп үстіне шамалы ақша қосып  қол жетімді бағамен сататынбыз. 

1673937347_emsh-balgerler-suret.jpeg

Бізге сауда көп пайдасын əкелді. Бөлек үй сатып алдық. Күнделікті не ішем не жеймін деп ойламайтынбыз. Қалаған нəрсемізді алып, жыл сайын шет елге саяхаттанып қыдыратынбыз. Көп нəрсе қол жетімді болды. 

Адам негізі жаратылысынан қанағатсыз тойымсыз болып келеді. Екі еселеніп түскен табысымызды, 4 есе көбейткім келіп. Жолымды ашу үшін бақсы балгерге бардым. 

Ешнəрсе түсінбесемде балгер маған түсініксіз жазумен жазылған бүктетілген қағазды берді. Осыны сақтап қой деп. 

Сол күнен бастап менде өмірімде өзгерістер пайда болды. Үй болып үйленгенімізге аз болмасада, біз ешқашан ұрыспайтынбыз. Балгердің берген қағазын үйге сақтап қойғалы жолдасымен ұрыса бастадым. Болмайтын нəрсеге де ашуланатынмын. Кейін ол ашу үлкен ұрыс-керіске алып келді. Одан бетер саудамызда нашарлады. 1 күн ұрыстың 40 күн кесірі бар дегендей. Берекелі табысты да көрмейтін болдық. Ашу кезінде адамның көзі көрмей, қолы мен аузы қимылдап үлкен қателіктерге барады. Бір бірімізден көңіліміз қалып, арамыздағы жылуымызда алыстады. Ол аз дай ашу үстінде үйдегі заттарда қирап сынатын болды. Көңіл күй болмай бірге отырып тамақтанбайтынбыз. 

Жаза берсем ұзақ болып кетеді. Біздің арамыздағы ұрысып қырылысуымыз тоғыз айға созылып, кейін ажырасып тыңдық. Жолдасым қайта қосылғысы келседе біз тіл табыса алмадық. Отбасы құруымызда ары қарай жалғаспады. Екі рет қайта жарасып отбасы болуға тырыссақта, ештеңе шықпады. Одан кейін мен жолдасымды мүлде көрмедім. 

Қазір жолдасым басқа біреуге үйленіп кеткен. Мен болса сол баяғы саудамен айналысуды жалғастырдым. Сынған ыдысты қанша жерден орнына қойып дұрыстасақта. Сынған орыны қалып қояды. Ажырасқанан кейінде жолым болмады. Бақсының берген қағазын өртеп жібергенен кейін саудам өз қалпына келіп, бұрыңғы табыс көзін табуға қайта жалғастырдым. Бірақ жолдасымды қайтара алмадым. Оның орыны мен үшін білінді. 

Жалпы айтарым. Қанағат қарын тойғызар. Қанағатсыз жалғыз малын сойғызар. Ешқандай бақсы балгер біздің тағдырымызға құт береке əкеле алмайды. Барлығына өзімді кінəлаймын. Жолдасымның алдында кешірім сұрағанменде, арамызда бала болмағасын ол қайта қосылғысы келмеді. Жəне оның бөлек отбасысы бар. Осы өмірде мен үшін үлкен сабақ болды.

Психолог Жарқанаттың хатынан 

Психолгтың Ватсаб нөмірі 8 707 922 90 8

Кезінде қызға қиянат жасаған жігітке тұрмысқа шыққаным дұрыс па?
Жігітім екеуіздің арамызға от салып жүрген құдашам екен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу