Отырып қалған соң өзімнен 19 жас кіші әйелді баласымен алуға мәжбүр болдым

Oinet.kz 31-08-2023 7004

40 жасымда ажырасқан бір баласымен əйелді алдым. Менен 19 жасқа кіші. 6 жыл болды отасқанымызға. Бұрын үйленбегенмін. Жұмыс-жұмыс деп жағдайымды көтеруге тура келді. Үйдің үлкені болғасын əкем қайтқанан кейін, інілерім мен қарындастарыма көмектестім. Өз атымда шағын ғана пəтерім бар. 

3d10421ba5d986f0dcc2975762097791.jpg

Бір апта бұрын үйде үлкен келіспеушілік болды. Өмірі ашуланбайтын əйелім ашуланған кезде үйдің бəрін басына көтеріп бүкіл заттарды қиратып сындырды. Дастархан басында отырып ашу үстінде өгей ұлыма дауыс көтеріп қойдым. Оның үстінде екі ай бойы жалақымда кешіктірілген. Барлығы содан басталды. 

Əйелім түпкі бөлмеден шығып қолына түскен заттың бəрін лақтыра бастады. Өмірі оның ашуланғанын көрмегенмін. Орнымнан тұрып не істерімді білмей қалдым. Айнада қирады, онымен қоса ыдыс аяқта сынды. Ашуға берілген əйеліме сөзімде əсер етпеді. Өтініш тоқташы деген сөзіме қарамастан ашу үстіне өз өзін ұстай алмай кетті. Қолына түскен заттардын барлығын қиратты. Оны жұбатқым келгендей болып қасына бармақшы болдым. Ол кезде қолына пышақ алып мені қорқытты. 

"Жақындаушы болма кəрі қақпас, əйтпесе өзіме қол жұмсаймын, тамырымды кесемін" деп жақындатқан жоқ.  

Ашу үстіне берілген əйелім қолынан пышағын тастамай ішіндегі барлық жиналған наразылығын айтып салды. 

"Сен кімге керексің, менің қадырымды білмей жүр екенсің, мен саған көрсетемін" деп маған бəрін айтып тастады. 

Менің аузымдыда ашқызған жоқ. Сол кезде қорықтым. Өзіне қол жұмсаса мен өзімді кешірмей өтемін деп. 

10 минуттай ашуы басылмай тұрды. 7 жасар ұлыда қорықты. Мен қолымнан келгенше тізерлеп отырдым. Өмірі олай жасамағанмын. Өзі ашуы басылғасын жатын бөлмеге кіріп кетті. Өмірі ашуланбайтын адамның ашуы үлкен дауылдай болады. Оған себеп өзімненде кінə бар. Үйленгенен бері оған 4 рет қол көтергенмін. Оның үндемейтін момын мінезін пайдаланып ашуланып мінез көрсеткенмін. Қарсылық танытпасада мен оны аямай соққыға жыққан едім. Сол күндер есіме түсіп кетіп, барлық істеген істерім үшін кешірім сұрадым.

Бір кезде кетем деген сөзден басқа ештеңе айтпады. Барлық заттарды жинаған кезде, менде қайтпай оны тоқтаттым. Содан кейін үш күн менімен сөйлескен жоқ. Менде өз кінəмді түсініп оның алдында кешірім сұрауымды тоқтатпадым. Ол мені көргісі келмесе де, оның алдында барлығын жасадым. 

Аяғында сүйдім, массажда жасадым, шынайы сүйетінімді айттым. Үш күннен кейін жұмыстан келсем дым болмағандай менімен қайта сөйлесті. 

Біз бірімізді сүйіп қосылдық. Əйелім бұрын бірінші күйеуінен қорлық көріп ажырасқан. Кейін мен онымен ғаламтор желісі арқылы таныстым. Менің отырып қалған жасыма да қарамай отбасы болуға келісті. Ең басты бар тапқан табысым оның қалаған нəрсесін аламын. Ұлына туған əкесіндей болмасамда, жағдай жасауға тырысамын. Еркек басымен мойындаймын. Жалғызсырап өмір сүргенімнен мен ешкімге керек емеспін. Əйелсіз үйдің берекесі кетеді. Қолымнан келгенше басымада шығармаймын өте қатты да болмаймын. Не дегенмен жасқой деп еркелетемін. Біз кейбір кезде артық кетіп əйеліміздің қадырын білмейміз.

Жарқанаттың хатынан,  

Психологтың Ватсаб нөмірі 8 707 922 90 85

Ұялшақ жігітті өзіме қарата алмай жүрмін
«Бұға берсең, сұға береді» деген осы екен ғой
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу