Бірінші күйеуім қайта келіп кешірім сұрап жүр

Oinet.kz 04-10-2023 1612

af85906993cf8491dae243ccf15982e4.jpg

Бұл өмірде ең аңқау сеңгіш əйелмін. Жұрттар сол мінезімді біліп алған. Қанша жерден аңқау болсамда жолым болғыш. 

Ажырасқанмын. Жолдасым тек ақша үшін керек қылатын. Мен жолдасымды кешірсемде, ол мені бағаламады. Үйге қонбайда кететін.  Үйге қонбай жоғалып кетеді қайта келеді. Солай қайталана берді. Сол қылықтарына бола үйден талай рет қуып шыққанмын. Сондада қайта жалынып келетін. Жəне менен ақша сұрайтын. Жалынып аянышты болып енді қайталанбайды деген бос уəдесінен тайып, бұрыңғы əдетіне қайта оралатын. Мен əбден шаршап құтылудың жолын іздедім. Соңғы кезде ажырасар алдында ол ұзағынан келмей кетті. Менде іздемедім. Кейін білдім ол басқа əйелмен көңіл көтеріп жүргенін. 

Жалпы өзім кешірімді болсамда, адам кешіре алмайтын нəрсе болады екен. Менде босқа отырмай екінші рет тұрмысқа шықтым. Жағдайым орташа. Өз тапқаным өзіме жеткесін, жаңадан өмір бастауды жөн көрдім. Ендігі қызық мəселе. Анау сандалып жүрген сандалбай бұрыңғы күйеуім маған қайта келді сүмірейіп. Ұялмай қызармай ақша сұрады. Мен берген жоқпын. Үйге де кіргізбедім. Уақытша жүріп жүрген көңілдесі кіргізбей қойғанын білдім. Менің кешірмейтінімді біліп, ол да қайта мазаламайтын болды. Қазір екінші күйеуім тəуір. Өзі жұмыс істеп еңбек етеді. Үйден алыстап қаңғырмайды.

Психолог Жарқанаттың хатынан

Күйеуінің опасыздығының үстінен түсемін деген әйел мүлде басқа жағдайға тап болды
Үлкен келіншек айласын асырып, мені қармағына түсірді. Әлі өкінемін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу