Өмірімді қор қылған шеше

Oinet.kz 12-10-2023 1536

Ауылда балаларына керек болмай қалған, қарайтын адам жоқ, Нариманның сүйретіліп жүрген түрін көріп Амангүл қатты қиналады. Өзінің дәрменсіз күйіне налып, көз жасына ерік беріп ұзақ жылайтын әдет тапқан.«Құдай мені бүйтіп қорлағанша неге алып кетпеді екен?» -деп, ой түбіне кететін болды. Күн ұзақ төбеге қарап жатып «Қай жерде қандай қателік жібердім?- деген ойлар мазалайтын.

sheshe23.jpg

- Тамағыңды ішпепсің ғой?  Кел, басыңды көтер- деп, Нариман тамағын бере бастады.

- Осылай жата бересің бе?  Тамағыңды дұрыстап іш, қимылда, орныңнан тұрсаңшы. Екеуіміз өліп қалсақ жерлейтін адам жоқ сияқты ғой-деп, сөйлеп отыр. Осы екзде есік ашылып, үйге біреу кірді.

Жаймен кіріп келе жатқан Гүлшат еді. Кеткеніне он жылдан асқан Гүлшат әкесі мен Амангүлді көргенде аңырап тұрып қалады. Амангүлдің жатып қалғанын бір ауылдасын көргенде естіген, бірақ дәл осындай жағдайлары нашар деп ойламаған.

- Әке, апа, қалдарыңыз қалай?

- Қызым, барсың ба?  Сенің де келетін күнің бар екен ғой-деп, Нариман көзіне жас алды. Төсекте жатқан Амангүл де таң қалып қарап жатты.

- Бізге деген ренішің орасан зор екенін білемін, қызым. Сені үйге алып келіп, жақсы әке бола алмадым. Мүмкін балалар үйінде өскенің дұрыс па еді?  Саған осы үйде тұрғанда жақсы өмір сыйламадым, кешір мені, қызым. Соншама жыл келмей кеткенің сол маған деген ренішіңнің белгісі ғой-деп, ағынан жарылды.

- Олай демеңіз, әке. Кешірмесем келмес едім ғой. Апа, тездетіп сауығып кетіңіз. Бұдан бұлай сіздерге енді өзім қараймын. Апа, мен келдім, қорықпаңыз. Сізді емдетемін-деп, Амангүлдің қолын алды. Амангүл көз-жасына ие бола алмай, бар денесімен селкілдеп, ұзақ жылайды.

- Кешір мені, кешір. Мен саған өгейлігімді көрсетіп, бала күніңнен аналық махаббатымды сыйлай алмадым. Осы үйден кеткенде маған қатты ренжіп, налып кеткеніңді білемін. Білсем де артыңнан іздеп бармадым. Кешір-деген сөздерін бөліп-бөліп, жылап отырып әрең дегенде айтып болады.

- Өткен күндер өтті, қайтеміз. Енді алдағы күнімізді ойлайық. Сіздермен бірге боламын, енді ешқайда кетпеймін- деді.

- Мен сені осы мінезің үшін жек көретінмін. Ешқашан маған қарсы шықпадың, қарсылығыңды білдірмедің. Кішкентайыңнан бала болып қырсығып, жылап, сөз қайтарғанды білмейтінсің. Сол себепті сені одан сайын басынып, қорлағанды жақсы көретінмін. Енді келіп тағы да кешірдім дейсің. Осы сөзіңмен мені тағы қинап отырғаныңды білесің бе?

- Болды ғой, не болды сонша?  Онда қайтадан кетіп қалсын. Кім саған қарайды содан кейін. Мен шаршадым, өзіме де жан керек-деп,  Нариман зекіді.

- Уайымдамаңыз, әке, ешқайда кетпеймін. Апам ашуын шығарып алсын. Дұрыс айтқаны-деп, әкесіне күліп қарады.

Терезеден бөлме ішіне күннің жылы нұры түскендей болды. Көптен бері дұрыс тамақ пісірілмеген, ас бөлмеден дәмді иістер шығып, үйдің іші жайнай түсті.

Төсекте жатқан Амангүл өзінің дұрыс ана бола алмағанына өкініп жатты. Үйіне келген титтей қызға өмір бақи өгейлігін көрсетіп өсірді, өз балаларына да дұрыс тәрбие бере алмады. Соны ойлап жатыр. Гүлшаттың үйге қайтып келгеніне бірақ, іштей риза еді.« Бұл қыз мүмкін алланың маған жіберген сыйы шығар»- деп те ойлады.

Ауылға келгеніне бір жылдай уақыт өткен Гүлшат бұл күндері ауылдық амбулаториясында медбике болып жұмыс істейді. Ұлы мектепте жоғары сыныптарда оқиды. Үйде әкесі мен Амангүлдің барлық жағдайын жасап қойған. Амангүлді қалаға апарып, емдетіп, жақсы күтімнің арқасында қазір өзі балдақпен жүретін қалге жеткен. Үйдегі жеңіл-желпі тірліктерін жасауға шамасы жетеді. Нариман да Гүлшаттың қасында болғанына риза.

Түс ауа емханаға қаралуға Айдын келеді. Гүлшат екеуі кезінде бір сыныпта оқыған. Гүлшатты көріп қуанып кетеді.

- Сені осында жұмыс істейді деп естіген едім. Міне енді алдыңа келіп тұрмын-деп күледі.

- Қай жерің ауырып қалды?

- Суық өтсе керек бүйрек болмай тұр-деп, дәрілерін ұсынады. Емделуге келіп жүріп Айдын мен Гүлшат арасында жақсы қарым-қатынас түзеледі.

-Әйелімнің қайтыс болғанына екі жыл болды. Он жасар қызым бар. Екеуіміз тұрып жатырмыз. Әйелі жоқ үйдің берекесі болмайды екен. Қызыма да ана керек. Өсіп келе жатқан қызға көп нәрсе үйрете алмайсың еркек болып.

Екі жарты бір бүтін болып қосылып, бірге өмір сүрсек қалай қарайсың?- деп ұсыныс жасаған соң ұсынысын қабылдайды.

- Сені ертең қызыммен таныстырамын. Ақылды қыз, билегенді ұнатады- деп Айдын айтқанда Гүлшаттың есіне өзінің балалық шағы  түседі. Ойламаған жерден анасы қайтыс болғанын түсінбеген ол бөтен үйге, бөтен адамдардың арасына қалай түскенін түсінбей де қалған еді.« Мен сенің әкеңмін»-деп өзін таныстырып, әкесі болған Нариман да, өгей шешесі Амангүл де Гүлшаттың өмірін мүлде басқа арнаға бұрып, балалық шағын ұрлағандай болды. Бірақ, сонда да сынбай, қарапайым адам болып қалыптасуына көмектескен де шығар. Оған ол өкінген жоқ.Енді міне Айдын қызымен таныстырды.

- Айғаным, Гүлшат сенің апаң болса қарсы болмайсың ба?-деген сұраққа

- Жоқ, қарсы емеспін. Сізді, мені жақсы көрсе болды- деп салмақты жауап берді. Шаштарын екіге бөліп, әдемілеп өрген, көйлегі өзіне жарасып тұр. Кішкентай қыз өзіне жымиіп күліп қарайды. Гүлшат өзінің өгей шеше болатынын осы кезде түсінді.«Өгей»- деген сөздің мағынасын әбден түсініп алған ол сол сөздің мағынасын өзгерткісі келді. Айғанымның қолынан алып

- Біз әлі бақытты боламыз, қызым- деп  маңдайынан сүйді. Әкесінің сондай мейірімді ана тауып бергеніне риза болған Айғаным Гүлшатты құшақтап алды.

Жеңгеме адал күйеу іздеймін
Алла маған осылай адал екенімді дәлелдеді...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу