Енем банк карточкамды бермей қойғаным үшін кектеніп алды

Oinet.kz 18-11-2023

Келін болғаныма 1 жыл 2 ай болды. Келін болып түскеннен кейін бір аптадан соң енем банкомат карточкамды сұрады. Онсыз да күйеуім бар жиған-тергенін мамасына береді. 

Screenshot_8.jpg

Сол үшін мен оған бан карточкамды бере алмайтынымды ашық айттым. Содан кейін енем маған қасарысып алды. Не істесем де жаратпай отырады. Жасап жатқан тамағыма тұз салып кетеді. Артымнан келген ыдыстарды шағып тастайды. Тіпті жатын бөлмедегі киімдерім жоғала бастады. Қайтер екен деген шығар. Мен де ерегескенде шу шығармай тілімді тістеп жүре бердім. Ақыры соңында күйеуім екеуміздің ортамызға түсетін болды.

Мен келгесін екі-үш айдан кейін көтердім. Поликлиникаға кеткен күндері кешкісін енем күйеуіме: "Мына қаншықтың біреуі бар, көзіммен көрдім. Күйеуі бар әйелді қорықпай үйге дейін көлікпен әкеліп тастайтын батырлығын қайтесің",- деп салды. Мынадай нақақ жалаға шыдай алмадым. Маған қазір қам жеуге болмайтынын. Мен үйге дейін таксимен келгенімді айттым. Ашуланғасын дауысым қатты шығып кетсе керек, күйеуім "тыныштал!" деп жатын бөлмеге алып кетті. Жылап анасының өтірік айтқанын айттым. Ал ол ештеңе демей шығып кетті. Сенген-сенбегенін білмеймін. Осылай нақақ күйіп тұрған кезде сүйіп тиген адамымның бірауыз жылы сөз айтпай шығып кеткеніне одан сайын күйініп киімдерімді жинап төркініме кетіп қалдым. 

Екі ай бұрын босандым. Күйеуім келіп-кетіп жүреді. Ал енем немересін көруге бір рет болсын келмеді. Тіпті хабарласпады. Енді күйеуім қайта қосылайық деп жүр. Ал мен енеммен бірге тұрғым келмейді. Бөлек шығайық десем күйеуім үйдің жалғызы. Басым қатып жүр...

Күйеуіме екінші әйел іздеймін, асып-тасып, еріккеннен емес
Жездем маған ғана емес, менің қызыма да тиіседі екен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу