УЗИ-де қыз бала туатынымды білдім. Оны алдырып тастап, ұл туатын болдым

Oinet.kz 21-11-2023 2901

Сәлеметсіз бе! Парақшаңызды жаппаңыз. "Жап" деп жатқандардың ары таза емес демек. Мен де сізден басымнан өткен бір жағдайды бөліскім келді. Бәрі оқысын, көрсін, бұл өмірде туғаныңа да сенуге болмайтынын.

Screenshot_21.jpg

Мамам жоқ. Менің 6 айлығымда қайтыс болыпты. Әкем базарда жұмыс істейтін. Таңның атысы, күннің батысы сол тіршілік деп жүретін. Ағам және әпкем бар.

Ол кезде жасым 13-те болған. Туған ағам зорлады. Өте қатыгез адам. Ол жағдай бір рет емес бірнеше рет қайталанды. Тіпті, мектепке жібермей қоятын "Үй жинайсың" деп алып қалатын. Әпкем менен 2 жас үлкен. Ештеңеден күдіктенбей мектепке кетіп қалатын. Өзімді ағынды суға да тастадым, дәрі де іштім. Бірақ ешкімге айта алмадым.

Қазір жасым 34-те. Тұрмыстамын. Күйеуім өзге ұлт өкілі. 1 жасар бір қызым бар. Енді сол қызым үшін қорқамын. Түнде ұйықтай алмаймын. Постоянная паника. Не істерімді білмеймін. Шынымды айтсам, УЗИ-де қыз дегенде, дәрі ішіп түсіріп тастағым келді, бірақ жүрегім шыдамады. Өткендегі 5 жасар бүлдіршіннің оқиғасынан соң тіптен мазам кетті. Бір тікен үстінде жүргендей сезінем өзімді. Туыстарыммен араласпаймын. Чатта "қалайсыздар" деп қоямын әйтеуір. "Қызыңды әкел, бағып береміз" дейтінер де бар туыстардың ішінде, оны естіген тіптен паника. Сол  чаттың ішінде әлгі мені зорлаған ағам да бар. Оны иттің етінен жек көремін. 

Осыны қыз балалары білсінші, көздері ашылсыншы. Бұл өмірде туғаныңа да сенуге болмайтынын білсінші.

Ляззат Ракишева

Instagram парақшасынан

Ауылдан келген қыздар қалада қалай бұзылды?..
Қайын әпкем аяусыз ұрды: Қайын жұртынан қорлық көрген келіннің сыры
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу