Ағамның жолдас жігіттері нағыз құдайдан безгендер екен...

Oinet.kz 10-01-2023 1224

Жасым 17де. Үйде ағам және мен. Ағам мені қатты жақсы көреді. Кішкентайымнан қатты қарайды. 8-9-10 окып жургенде мүлдем вечер туған күн дегенге жібермейтін. Тек өзі алып келіп алып кететін. Менің жыным келетін. Өз кластасстарыммен, достарыммен қайтқым келетін.

Screenshot_18.jpg

Ағам маған қатты еді. Болмайды дейді болды! Мен болсам дос балдарым өте жақсы арам ойы жоқ деп жыласамда жібермейтін.

Жалпы мен ауылдан шыққанмын. Қазір 11сынып бітірдім. Достарым класстастарым өте жақсы. Ағам осы күнге мені бірде бір рет көшеде жүргізген емес. Жігітпен жүрмек түгілі сөйлеспегенмін. Телефонымды күнде тексереді. Мен жынданатынмын. Бірақ маған ешкім жазбайтында. Ағам ауылда старшактардың бірі болғандықтан ешкім менімен жүрмек түгілі жаза алмайтын. Өзім мақтанғаным емес, бойым ұзын әдемі қызбын. Көздерім үлкен, бәрі бір қараса таңырқап қалатын. Машааллаһ деп. Ағам мені қатты қызғанатын.

Ағам армияға шақырту келген сайын бармаймын дейтін. Қарындасымды ұясына қондырып бірақ барамын дейдін. Эх осы сөздің астарын түсінбеппін.

Сөйтіп былтыр шақырту тағы келіп ағамды күштеп алып кетті қоштасып та үлгермедік. Әбден пойызға отыратын кезде үлгеріп бардық. Анам маған аса қарамайтын. Себебі ағам бар. Мені тәрбиелеген осы ағам еді. Пойызға отырар кезде ағам анамды бір құшақтады да менің қолымнан ұстап бері келші деп әрірек алып кетті де құшақтап бар ішіндегісін айтты. Ол қаталдау болғандықтан жылы сөз естімейтінмін. Сол кезде мен келгенше тыныш жүрші деді. Ешкіммен жүрмеші деп. Мен әрине жүрмеймінғой деп ант бердім солай кетті де қалды. Бәрі келесі күні басталды. Ағамды Ақтауға әкетті. Тым алысқа. Анам жуас, әкем таңның атысы кешке дейін жұмыста. Мен ұбтға дайындалып жүрдім. Апайға күнде барып қосымшаға қатысып жүр едім. Солай жүргенде ағамның жан достары, бауыры деп жүрген 3 дос балдары маған көздері салып жүрді. Мен бірден сездім. Себебі олар осы күнге дейін маған қарамақ түгілі Привет дей алмайтын.

Маған үшеуі күнде келіп шоколад әкеп беретін. Мен сендер не Абылай кеткелі есіріп кетіпсіңдер. Кетіңдер дедім. Ол сендерді ақыреттік бауырым деп сыйлап жүр емеспа дедім. Сол кезде кеш кезі еді. Сағат 7. Бірақ жаз кезі. Солай үшеуі мені күштеп машинаға салып әкетті. Бетіме тряпка тигізді болды. Әрі қарай есімде жоқ. Оянсам бір үйдеміз. Барлық жерде пиво, арақ колян тұр. Көзіме еріксіз жас келді. Ағамай осы үшін екенғой. Мені сонша үйден шығармайтының деп өкісідім. Бірақ олар қазір барлығы келсін. Толпамен жабыламыз. Сосын бір бірден кезектен комнатаға әкетеміз деді. Әлгіні естіп, калимамды оқыдым. Жүрегім жарылды. Не істерімді білмедім. Шын ниетіммен Алладан тіледім. Бір көмегіңді берші деп. Содай отырғанда қалтамда қайшы бар екенін есіме түсті. Тырнаққа арналған. Үйден сол күні тырнақ алам деп асығыста қалтама сап кеткенімді ұмытып кетіппін. Бірдеңе қып қолымды созым алуға тырыстым. Қолымды арқанмен байлап тастаған. Қолдарым қып қызыл. Арым тасталқан болмай тұрғанда алуға тырыстым. Солай амалын тауып қайшыны алдым. Жіп білегіме қарай қозғалды. Арқан дегенде андай жіңішке жіп. Тырнаққа арналған кішкентай қайшы болсада әлгі жіпті кестім. Біраз уақыт кетті соғанда. Сөйтіп терезені ашып қаштым. Аналар іздемей тұрғанда деп. Қарасам айдала. Қайда қашарымды білмедім. Бір мал бағатын жайлаума бір жер. Не болсада қаштым. Демім біткенше жүгірдім. Жарты сағаттай болдыау. Алдымнан қойлар шықты. Е Алла шүкір деп сол қойларға жүгірдім. Барсам өзімнің класстасым екен. Ол мал бағатын бала еді. Бірақ қойлар оныкы деп ойламадым. Бара сап ол мені көрді мен оны құшақтап езіліп жыладым. Содан ол не болды тыныштықпа дейді. Мен ана үшеуі мені осы жерге әкелгенін айттым. Қашып міне алдымнан сен шықтың дедім. Ол болса жағдай қиын. Қазір олар келсе екеуміздіде оңдырмайды деді. Атқа отырда қаш деді. Мен атқа өмірі отырмаған жоқ дедім. Сомен ол қойларын тастадыда мені алдына отырғызып екеуміз қаштық. Аулға жеткенше әрең келдік. Келе сала үйге келдік. Папама айттым.

Ауыл үлкендерін шақырттық. Ана үшеуі жоқ. Маған сенбейді де. Осылай осылай деп

Сөйтіп олар мені Арманның құтқарғанын біліп, 3ші күні Арманның қарындасын ұрлап кетіпті. Ол 8 оқитын. Полиция бүкіл ауыл сол кезде сенді. Арман қатты жылады. Мен өз өзімді кіналадым. Олар кек алу үшін Айгульды алып кетті. Барлық жерді іздедік олар жоқ. 2 күннен кейін полициялар Айгульды қансыраған күйінде басқа аулдан тапты. Қыз тірі бірақ. Адам аузына айта алмастай зорлапты. Арман оны көрген кезде өз өзін әрең ұстапты. Мен тіпті ұйықтай алмадым. Тамақ ішпедім

Айгуль 1 ай жатып психологтармен жарты жыл жұмыс істеп енді енді есін жиып келуде. Мен депрессияға түсіп кеттім. Бәріне мен кінәлімін. Бірақ Арман маған кеп ренжіген жоқ. Тағдырдың жазғаны деді. Бұл үш айуан Айгуль болмасада басқасын зорлар еді деді. Арманның мама папасы бізден сол күйі араласпай кетті. Әрине қыздары менің кесірімнен осындай күйге жетті. Бүкіл ауылға масқара болдық. Ана үшеуін 14 жылға соттатып жібердік. Өте аз негізі.

Қазір мен 11 Айгуль 9 бітірді. Шүкір бірте бірте өзіне келді. Бірақ көзінен бәрін көруге болады. Ағам келді 2апта болды. Ол болған жағдайды келгеннен кейін бірақ естіді. Өз өзін ұстай алмай жылады. Арманның аяғына жығылып кешірім сұрады. Мені құтқарам деп өз қарындасы ана жағдайға түсті. Өз өзін кіналап өкінді. Менде Айгульге қараған сайын өзімді жеймін. Менің кесірім деп. Ондай қыз енді кімге керек, болашағы құртылды ғой. Содан ағам ертесі күні Арманның ата анасы біз бар екі жақа айтып, менің кесірімнен осы күйге жеттік. Айгульдің өмірі күл талқан болды. Менің ендігі соңғы сөзім Айгуль бойжетіп өзіне келгенсоң оны өзім жар етіп аламын деді. Қыздарыңызды жылатпай, бақытты етемін деді. Ата анасы жынданып сендердің кесірлеріңнен осындай күйге жеттік енді алам деп тұрсыңба деді. Кейін ертесі күні келісті. Қазір ол 16 да. Уақыты келгенде ағам Айгульге үйленгелі отыр. Біздің жаман ниетіміз жоқ. Тек ағам ол қыздың сондай жағдайға жеткеніне шыдай алмады...

Ляззат Ракишева instagram парақшасынан

Ұлымның сүйіктісіне берген қымбат телефонын тартып алсам ба екен?
Алла маған осылай адал екенімді дәлелдеді...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу