Күйеуім - игроман

Oinet.kz 20-01-2024 1381

Неден бастарымды білмеймін. Жасым 25-те. Екі қызым бар. Жолдасыммен сүйіп қосылғанбыз. Тым жақсы жігіт болатын. Неге ұрынғанын білмеймін. Букмекерский кантордағы 1XBet, олимп сияқтылардың құрбаны. Игроман.

Screenshot_25.jpg

Алысып келе жатқаныма 2 жыл болды. Өзім үйде торт істеп сатамын. Әлде өзім "ыңғайлы әйел" болып кеттім бе? Әйтеуір қояр деген үмітпен жүргем. Бірақ бүгін шыдамым шегінде тұр. Қарыздары көбейіп кеткен соң, көлігімізді сатуға тура келді. Сол ақшаға біраз қарыздан құтылған да, қалған ақшаны да тігіп жіберген. 

Ата-енемнен Құран ұстап тұрып кешірім сұрап, ойнамауға ант берген. Бірақ ертесіне дым болмағандай, тағы да ақша тіккен. Оны да телефонынан көріп қалдым. Ойынын қоймаған соң ата-анасы да теріс айналып отыр. Бүгінгі тірлігінен соң миым сан-саққа шашылып отыр. Не істеймін? Ажырасайын ба? Қайда барам? 

Әкем 7-сыныбымда, анам 18 жасымда өмірден өткен. Аға-жеңгемнің үйіне барып тұрғым келмейді. Өзіміз тұрып жатқан үй "Жастар" бағдарламасымен сатып алу құқығынсыз 5 жылға ғана берілген. 

Ляззат Ракишева 

Instagram парақшасынан

«65-ке келген кемпірдің ойы сол болса, 30-дағы менен не күтесіз?» дедім енеме
Анам өгей әкемді емес, мені кінәлады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу