Әкем ішіп келгенде, анам "мені ұрады" деп ұйықтатпай таңға дейін қасына отырғызып қоятын

Oinet.kz 01-01-2024 3749

Мен бала кезімдегі қиыншылықтарды жаза кетейін деп едім. Ішімде бір өткен өміріме өкінгендеймін, себебі бала кезде ешқандай есте қалатындай күндер болмады. Бала кезімде ауылдық жерде тұрдық. Әкем ішкіш болды. Анам жуас кісі.

Screenshot_10.jpg

Мал ауылда тұрдық, тұрмыстық жағдаймызда өте төмен отбасы болдық. Әкем ішкіш болғаннан ба, берекесі жоқ болды. Әкем күнде ішіп келіп анамды ұратын ертеңіне сау болса, тағы анамнан ақша сұрап ішетін. Бермесе ұратын қорқытып. Түннің ортасында ішіп келсе, анам бізді ұйқтатпайтын, қасына отырғызып қояды. "Қазір маған тиіседі" деп. Мен қорқып отыратынмын. Содан өте тұйық болып өстім, мектептерде сол жуас кір-қожалақ бір бала болады ғой өзі сол мен болдым. Балалар барлығы мені кемсітетін керемет киім де жоқ сол әркімнің болмай қалған қалдықтарын киетінмін. Оны да білмеймін таза киемін бе, кір киемін бе баламын ғой есімде жоқ. Балалар маған "кір қожалақ" дейтін.

Шешем ішкішпен жағаласып жүргесін киімдеріме қарамады ма білмеймін. Мектепті сөйтіп жүріп бітірдім. Сонымен бір күні соңғы қоңыраудан кейін кластастар болып кешке жиналып отыратын болдық. Жақсы отырыс болды. Содан бір кезде сені сыртта біреу шақырып тұр деп балдар сылқ-сылқ күледі. Мен дым түсінбеймін. Шығып қарасам бір бала кластасым сабақта Жаман тентек бала болатын сол "бірнәрсе айтам келіп кетші" деп қараңғы жерге алып барды да, бас салды. Біраз жағаластым аяғымнан шалып, мені құлатайын деп сүрініп құладым. Содан ол кішкентай бойлы болатын ұшырып итеріп жібердім де, атып тұрып қаштым. Маған ештене жасай алмад. Маған әлі келмеді ме содан өкіріп жылап жаңағы жерге келдім. Бәрі "не болды" деп... Заттарымды жинадым да ол жерден кетіп қалдым. Содан кластастарымды көргім келмейді. Неге мені сонда арашаламаған деп. Кейде ол бала мені сыртымнан көріп қалса, тесіліп қарайды. Сол кезде жасағанына іс-әрекетіне өкінеді мекен деп ойлаймын. Ең бастысы өзім дін-аман абыроймен тұрмысқа шықтым. Бала-шағам бар Аллаға шүкі. Содан сол екен менде кластастар деген жоқ. Тіпті, араласпаймын, көргім келмейді ешқайсысын. Оған кім кінәлі екенін білмеймін жауабын өздеріңіз жазарсыздар.

Барлығы бала кездегі балалық шағын кластастарын айтқанда, мен қатты жыным келеді неге менде ондай болмады деп, группагалары бар қосып қойсада шығып кетемін ешқайсымен сөйлескім келмейді.

Айтайын дегенім ата-аналарға! Балаларыңызға көңіл бөліңіз. Мектепте киімдеріне, шаштарын тарап, қысқартып тырнақтарын алып дегендей. Ешкімнен кем қылмай жиналыстарда ат салысып қатысып, балаларыңызды ешкім кемсітпейтіндей, кішкентай кезінен балаларыңызға көп көңіл бөліңіз дегім келед

Байғұс құрбымның күйеуін өлтіріп тастағым келеді
Ұлыма ашумен бір шапалақ беріп едім, мені жұдырықпен қойып жіберді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу