Күйеуім өте қауіпті адам екен, сонша жыл кек сақтап қасыма қалай жатып жүрген?

Oinet.kz 02-01-2024 3517

Менім жасым 36-да. Аллаға шүкір, екі балам бар. 2017 жылдың жаз айында жолдасымның қалауымен ажырасып кеттім. Оған ең басты себеп, арамызды ажырату үшін фотомен бізге дуа (порча) қойыпты.

Screenshot_11.jpg

Енем келін болып түскелі мені жақтырмады. Мен бетке тік айтатын, өте серьезный, шыншылмын, әрі шатақ мінезім де бар–тын. Бір күні жолдасым үйге келмей қойды, өтіндім екі баламыз үшін отбасын сақтап қалайық деп. Бірақ ол тыңдамады, əкесі қарсы болды, ал енем қуанды, ажырасқанымызға.

Қазір стресс аздап басылса да, екі балаға қарап жүрегім əлі де ауырады. Олардың толық емес отбасында өсіп жатқанына.

Сосын осыдан екі ай бұрын өзім шақырып алдым да, қайта сөйлестім. Оған “егер сен жауапты болып, өтірікті айтуды қойып, аздап арықтасаң, (салмағы 130 кг) сен үшін бəрін жасаймын жəне екеуміз мешітке барып құранмен емделейік”, дедім. Ал ол екі жыл бойы маған кеудесінде кек сақтап келген екен, екі жыл бойы ажырасуды ойлап келген екен.

Сонда мен шок болдым, қалай ол екі жылдай жек көріп, менім қасыма жатып жүрген?

Ойыма сыймайды. Сөйтсем, мен оны 6 жыл танымай келіппін. Өзім шатақ болсам да, ақкөңіл, тез ашуланып, тез ұмытамын. Сосын айтады, мені боқтап, басымды жерге қаратқаның үшін мен сені ешқашан кешіре алмаймын деп. Жарайды дедім.

Сосын татуласқан болдық. Бір күні соттан звондайды, үстінізден бұрынғы жолдасың арыз жазды, үлкен баланы біржола алу үшін деп. Ал ол өтінішті татуласпай тұрғанда жазған. Сонда қасымда қонып жүріп айтпаған екен.

Сонда ғана білдім оның өте опасный, арам жігіт екенін. Қатты ренжіп, көңілім қалып қойды.

Кейде ойлаймын, армандаймын, қайта қосылып, ол да өз қателігін түсініп, мен де өз қателігімді түсініп, жақсы отбасы болып кетсек екен деп.

Бірақ уақыт өткен сайын суып, одан сайын жек көріп бара жатқандаймын. Қалайша мен соншалықты кекшілмін? Әлде, бұл сол дуаның кесірінен бе?

Сіздерден сұрайын дегенім, ажырасып қосылғандар бар ма араларынызда?

Бойындағы кек пен ашудың тарқауына қанша жыл керек? Əлде оның бойындағы дуаны қалай шешсем екен? Екі баламның болашағын қатты ойлап жүрмін. Қатты ұрыспай, ақыл айтсаныздар екен? Алдын ала рақмет сіздерге! Алла разы болсын!

365info.kz

Әйелімнің жезөкше болып кетуіне мен кінәлімін бе?
Енем маған ерегесіп баласына өз қолымен арақ құйып берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу