Күйеуім бала-шағасын 18 жастағы қызға айырбастады...

Oinet.kz 16-01-2024 2510

Ерім екеуміз жақсы отбасы едік, сүйіп қосылдық. Бәрі жақсы, ата-енем., екі қайын сіңілім, үш қайным бар. Атамның шатақ мінезі бар еді, 3-4 айдан кейін оған да көндігіп кеттік. Кейде әзілдесіп те қоятынбыз, ол кісі мені қорқақ келінім деп отырады. Ол рас ол кісіден қатты қорқатынмын. Маған ештеңе жаманшылық жасаған емес, мүмкін суық қабағынан қорыққан болармын.

Screenshot_1.jpg

Солай уақыт өте келе сәбилі болдық, ұл бала. Шілдеханасын өткізіп болған соң атам мен енем бізді қалаға бөлек шығарды.

Отасқанымызға 3 жыл өткенен кейін күйеуім өзгере бастады. Ол заводта мен мектепте жұмыс жасап жүрдік. Ол 2 күн істеп 2 күн демалатын. Мен болсам сол мұғалімдік сағатым қашан бітеді сол кезде үйге қайтатынмын. Кешкісін үйге келсем, күйеуім компьютер алдынан шықпайды. Мен мән бермейтінмін өткені үйдің күйбең тірлігімен түнгі 11-12-ге дейін тыным жоқ. Ал ол түннің бір уағына дейін компьютерде отырады. Кейде бір жұмыстарым болып компьютерге отыра қалсам, мені жұлқылап тұрғызып жіберіп, ұрысып компютерді өшіріп, тоғын суырып тастайтын.

Кейін келе ұлымызға "папалай берме, жармаспа маған" деген секілді сөздер айтып, зекитінді шығарды. Түнде жақындасам мені итеріп қатты балағаттайтын. Теріс қарап жылап жатып қалатынмын.

Бірде ол жұмысына кеткенде компютерді ашып бәрін тексердім. Сөйтсем, бір қызбен сөйлесіп жүр екен. Жұмысынан келгенде ол кім неге олай жасап жүрсің дегенімде "Сендерден жиіркенем, сендермен тұрғым келмейді" деді де киімдерін жинап кетіп қалды. Ол бірден ауылдағы өз үйіне барыпты. Үйдегілерге біраз күнге демалысқа келдім деген екен. Кейін атамыз балашағаңа қайт балам десе, келіндерің басқа адамға тұрмысқа шығып кеткен депті.

Сонымен арада 3 ай өткенде мен оның үйленгенін естідім. Келіншегі 18-ге де толмаған қыз екен. Күйеуімнің үйленгенін естігенде ата-енеме, қайынсіңілдеріме хабарластым. Олар маған: "Сен тұрмыс құрып бақытты өмір сүріп жатқанда, ағамыз да отбасын құра алмай ма" деді. Осы сөзді естігенде есімнен тана жаздадым, тіпті микроинсульт алдым.

Мен ата-енеме, қайынсіңілдеріме, мен ешқашан күйеуімді ешкімге айырбастамағанымды, оның бізді тастап кетіп қалғанын, барлық мән-жайды түсіндірдім. Осыны естігеннен кейін атам қыздың әке-шешесінін алдынан да өтпепті. Екеуін үйден шығарып жіберіпті. Ұлына өзің өт ата-енеңнің алдынан, қалыңмалын да өзің төле деп қатты ренжіпті. Атам қан қысымы көтеріліпі ауырып та қалыпты. Енем хабарласып, "құлыным, жарығым, үйге келші" деп отыр. Атам қазір күнде хабарласып, жағдайымызды біліп отырады.

Кеше түнгі 3 шамасында күйеуім хабарласып, аузына кегенін айтты. Сен дуакеш отбасымның бәрін дуалағансың. Менің әйеліме де дуа салдың сен жалмауыз. Сенің кесіріңнен бала тұрмай түсіп жатыр деп мені қатты сөкті.

Осы сөздерден кейін тағы да ауырып, жедел жәрдем шақырып ауруханаға түстім. Қазір ауруханада жатырмын. не істерімді білмеймін, басым әбден қатты.

Сара, Алматы

Аlashainasy.kz

Күнәға батқым келмейді: Кәрі қыздың жан сыры елді жылатты
Әйел күйеуінің көзіне шөп салғанын үйіндегі тотықұстың көмегімен анықтаған...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу