Күйеуіммен бірге жатпақ түгілі сөйлеспейміз де

Oinet.kz 12-02-2024 2045

Тығырыққа тірелдім. Өз өмірім жайлы барынша қысқаша баяндайын. Мен тұрмысқа кеш шықтым. Себебі анам 8 жылдан бері қатты науқастанып, соған қараймын деп тұрмысқа шығуды ойламадым. Бірақ анам жазылмай, ақыры Тәңірім өзіне қайтарып алды. Жаны жәннатта болсын!

Screenshot_15.jpg

Анамның қырқы өтер-өтпестен маған құда түсушілер көбейді. Әкем рұқсатын беріп, бір жігіттің етегінен ұстап кете бардым.

Мен барған жер өте жақсы. Күйеуімнің де анасы бала кезінде қайтыс болған. Әкесі өзге әйелге үйленген, ол кісі де өте жақсы. Тез тіл табысып кеттік. Енемнің де өз қызы бар, ол да жақсы қыз. Тек күйеуім менің басты проблемама айналды.

Ол екеуміз бір-бірімізді жақсы танымай үйленгенімізді түсіндік. Себебі, менің аздап естімейтіндігім оған үлкен кедергі болды. Мен үшін намыстанатын болды. Алғашқы 2 айда қарым-қатынасымыз жақсы еді. Қазір 9 айдан бері бірге жатпақ түгілі сөйлеспейміз де.

Бұл жағдайды төркіндерім білмейді. Жасым 30-ға келгенде үйге қайтып баруға менің арым жібермейді. Ата-енем менің кеткенімді қаламайды. Ол кісілерге де бауыр басып қалдым. Арада бала да жоқ дәнекер болатын. Отырыстарға, басқосуларға апармайтын болды намыстанып.

Осы некеге кейде енемді кінәлайды күйеуім. Себебі мен енемнің жерлесімін. Енемнің жеңгесі арқылы танысқанбыз күйеуім екеуміз. Енем де қазір ажырассам ол да бұл үйде қала алмайтынын айтуда. Себебі, балаға өгейлік жасадың деп бауырлары, туыстары маған күн көрсетпейді деп отыр. Мына сөзді естіп мен шынымды айтсам не істерімді білмей қалдым.

Негізі күйеуім енемді қатты сыйлайды, 15 жылдан бері бірге тұрып келеді. Мен пайда болып ем, екеуінің сыйластығына сызат түсіргендей болдым. Не істеймін, қандай амалы бар, шақшадай басым шарадай болды. Осында қалайын десем күйеуім менсінбейді, қалмайын десем енем де кетем дейді қызын жетектеп, ойымды толық жеткізе алар емеспін.

Түңіліп кеттім, күйеуімді достары онсызда мазақ етеді кәрі қызға үйленіп, қарық болдың ба деп. Ол үйленердің алдында ұзақ таңдаған екен қызды. Мендей тазға қалай жолыққанын да білмей қалып, қазір арақпен дос болып алды.

Не істеймін а? Кейде жақсы боп жүреді, кейде жақтырмай жүреді күйеуім мені. Әйтеуір күнделікті тірлігіммен алданып уақытымды өткіземін. Кетіп қалайын десем, бір отбасының түбіне жетем ба деп қорқамын.

Енемнің басы қатып отыр, онсызда күйеуімнің туған 2 әпкесі енемді кінәлап отыр. Күйеуім қазір Украинада, біліктілігін жоғарлатуға кеткен, кетердің алдында бізге сөйлемеді да, қоштаспастан кетіп қалды. Мен түгіл қайынсіңліме де, әкесіне де, енеме де жақсы деп те айтпады. Олардың жазығы не? Достары шығарып салды оны. Енем мен қайынсіңлімнің көңілі қатты қалды.

Аман-есен келген соң біз де кетеміз, бұл үйде қала алмаймыз деп отыр олар. Мен шынымен қорқайын дедім. Сіздерден ақыл-кеңес күтем. 

Аноним

Alashainasy.kz

Ақыл-есі кем жігіт әдемі қызды дуалап қаратып алғанын кейін білдік
Қыз кезімде гинеколог дәрігер «жүктісің» деп жала жақаны үшін, арыз жазу керек еді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу