Өгей ағам мені көрген сайын кезіндегі қорлығы үшін кешірім сұрайды

Oinet.kz 17-02-2024 1968

3 жасымда əкем бізден кетіп қалды. Анам амалсыздан мені өз туған ағасына қарауға тастап кетті. Осылайша мен кішкентай кезімнен бастап нағашымның қолында өстім. Анам арасында басқа қаладан келіп кететін. Кейін ұзақ уақыт анамды көрмейтін болдым. Уақыт өте келе сол үйдің адамдарын əке шеше деп атайтын болдым. 

Screenshot_3.jpg

Нағашыларым мені туған қызындай көрді. Кейіннен барып анам үлкен дертке шалдығып дүниеден озғанын білдім. Жəне ол үйде бір ұлы болды. Менен 12 жасқа үлкен. Есімі Ертай. Есейген сайын оларға деген бауырмашылық күшейе бастады. 

Жалпы өмірден озбайтын пенде болмайды. Жасым 12-ге келгенде нағашым мен оның ұлы Ертай екеуі жол апатына ұшырады. Нағашым қайтыс болды. Ертай басынан соққы алды. Оның үстіне əкесінің өлгенін өз көзімен көріп шошынып қалған. 

Ертай жол апатынан кейін өзгере бастады. Өмірі ашуланбайтын ол ашуланса болды өз өзіне ие бола алмай қалатын. Тіпті есерсоктық қылықтарда жасайтын болды. Бірақ менім мінезім қойдай момын болғаннан Ертай ағаға мүлде қарсы келмейтінмін. 

Үйде нағашы әпкем жоқта 20 жастағы Ертай ойына келгенін жасайтын. Бала секілді мультфильм қарайтын, қылықтары мен мінезі бала секілді болатын. Ниндзя туралы фильмді көріп алып маған не бір сындар өткізетін. Бөлмесінде штанга, гантельдін бүкіл түрі болатын. Маған солардың жеңілдеуін көтерткізіп жаттығу жасатқызатын. Бір күні ұзын матамен байлап тастады. Мына нəрседен босатылып шықсаң мықты боласың деп басқа бөлмеге кетіп қалды. Мен жарты сағатта əрең шештім. 

Ол мені кішкентай кезімнен қасына алып жататын. Бір күні көрпемен мені жауып шығармай тастағанда мен қатты қорқып кеткен едім. Өзі болса үстіме мініп алып біразға дейін көрпенің ішінен шығармай қойды. Дем жетпей қалған кезде барып босататын. 

Бұрын сол қылықтары үшін мен Ертайды жек көретінмін. Нағашы әпкеме айтып шағымдансамда бəрі бір ол ұлының сөзін сөйлейтін. Айта берсем көп, ол маған əскери дайындық жүргізгендей болды. Қолына боксерлердің қолғабын киіп алып ұратын, мен қашатынмын. 

Уақыт өте келе мен оның барлық жасағанына шыдайтын болдым. Қараңғы бөлме мен биік жерденде қорықпауды үйрендім. Бойымдағы өзгерістерде тез байқалды. 15 жасқа келгенде бойым тез өсті жəне денемде ірілене бастады. 

Өскеннен кейін де ұйықтар кезде әдеттегідей оның қасына жатқым келетін. Бірақ Ертай "бөлек жат, сен есейген қызсың" деп рұқсат бермей қойды. Бір күні қысқа көйлек кигенім үшінде мені "көшеде олай жүруші болма" деп ұрды. 

Сөйтіп жүргенде үйленіп кетті. Ақыл-есінде сәл кемшілік болғаны болмаса тәп-тәуір жігіт еді. Оның бағы ашылғанына қуандым. Бірақ сол кішкентай кездерді сағынамын. Қазір мен оны тек той-томалақтарда ғана көремін. Өзі ар-ұятын сақтап үйленді, мағанда соны үйретті. Мен басқа қалаға оқуға түсіп кеткеннен кейін ол маған телефон арқылы хат жазып жіберген еді.  

"Кешір мені. Саған осы уақытқа дейін жасағаным үшін. Мен сені туған қарындасымдай жақсы көремін".

Кейіннен ол мені той-томалақтарға көрген сайын күліп қарсы алып, қатты қысып құшақтап, ылғи кешірім сұрайды. Бірақ мен оған ренжіген емеспін. 

Ол менім бұзылып кетуімді қаламады. Əрине əкелік жылу көрмесемде, ол мен үшін үлгі болды. Туған ағам болмаса да, туған ағадан артық жақсылық жасады. Кішкентай кездегі балалықпен ұрып-соққанды есепке алмағанда, оның менің бақытымды табуыма тілектес екеніне өте қуаныштымын.

Жарқанаттың хатынан

Полиция қызметкерлері өз қызының ернінен сүйсе ғана қимылдай ма сонда?
Енем мен күйеуім мені банкомат көреді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу