Сүймеген жанның байлығы сүйген адамыңды ұмыттыра ала ма екен?

Oinet.kz 27-02-2024 2787

Сәлеметсіздер ме, қымбатты оқырман қауым, қыз-келіншектер! Мендегі мәселе біреу үшін ештеңе емес те шығар. Түймедейді түйедей етіп отырған да шығармын, бірақ көпшіліктен кеңес сұрауды жөн көріп отырмын.

Screenshot_6.jpg

Мен университет студентімін. Мен бір жігітпен сөйлесіп жүрмін. Ол менен 8 жас үлкен. Ол кісінің маған деген ойы түзу, яғни мені жар еткісі келеді. Ол кісі өте бай отбасыдан. Ал мен ше, менің ата-анам қарапайым электрик пен əдіскер, үйдің ортаңғы қызымын. Жақында жігітім маған ұсыныс жасады, үйленейік дейді. Мен ойланайын, уақыт беріңіз деп айттым.

Мен ол кісімен араласпастан бұрын бір жігітпен жүрген едім. Ол адамға деген сезімім əлі де сөнбеген. Əрине, бәрі де өзінің сүйген адамына тұрмысқа шыққысы келеді ғой. Бірақ біздің жолымыз түйіспеді, екі жаққа кеттік. Бұйырмаған шығар. Алла тағалаға ғана мәлім ғой.

Енді мен жаңағы 8 жас үлкен жігітке тұрмысқа шықсам ба, шықпасам ба деп ойланып жүрмін. Бір жағынан ата-анам мені оқуға жіберді, тұрмысқа шығу үшін емес .Ал бір жағынан менің отбасым ол сияқты керемет бай емес. Соны да ойлаймын. Ал бір жағынан бұрынғы жүрген жігітімді əлі де қимаймын. Иə, білемін кеткен адам қайта келмейді. Бірақ əлі де жүрегім сол адамды қалайды.

Мені ол кісінің байлығы қызықтырмайды. Ол кісіде бар дүние мен де бар, бірақ ол кісінікі сияқты көп мөлшерде емес, əрине. Ол кісі мен десе өліп отыр. Сүйемін, бақытты қыламын, өзім асыраймын деп .Маған сен сияқты қыз керек дейді. Мақтанған сияқты болмайын, бірақ адам қызығарлық сұлулығым бар. Үнемі күліп жүремін. Бірақ менде ол кісіге деген сезім жоқ.

Əрине əрбір қыз тұрмысқа шығып, үлгілі келін, аяулы ана, жақсы жар болғанды армандайды. Мен де соны армандаймын. Бірақ мен ол кісіні жақсы көрмеймін. Ол кісіден бас тартсам , кейін мен өкініп қалмаймын ба деп те ойлаймын. Өзіңді сүйетін адамның болғаны да, біреуге керек екініңді сезінгенің, біреу сен үшін уайымдаса, бұның бәрі жақсы.

Кейде өзім сүймейтін адамға тұрмысқа шығып өмірімді құртып алмаймын ба деп те ойлаймын. Ойым шашыраңқы болып кетті. Дегенмен ойымды түсіндіре алдым деп ойлаймын. Ақыл-кеңестеріңізді күтемін.

Аноним

Alashainasy.kz

Қазақтың ырымының кесірінен көгілдір (гей) болып кете жаздадым
Семіздігі үшін сыныптас ұлдардан қорлық, буллинг көрген қыздың жан айқайы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу