«Мені зинаға итерме» деп бетімнен аямай салып қалды

Oinet.kz 06-02-2024 1799

14 жасымда 21 жастағы жігітке өлердей ғашық болдым. Əлі күнге дейін ұмыта алар емеспін. Ол жігітті көбісі Саске дейтін. Мультфильмдегі Саске деген кейіпкерге көбірек ұқсайтын. Қас көзі шашы қара, денесі орта бойлы жəне қаламыздың атынан жекпе-жек жарыстарға баратын. Өзі сондай сұлу жігіт. Əйтеуір оны танымайтын қыз жоқ. Қыздардың көбісі соны ұнатып, ғашық болып жатқандарда аз емес. Мен іштей күйіп ол жігіттің жүрегін қалай жаулап алсам деп ойлайтынмын. 

Screenshot_18.jpg

Бір күні оның дайындығына бардым. Барсам ол жігіт ұстазының қасында жүр екен.  Бірден қасына баруға батылым жетпеді. Бірақ мен берілмедім. Сол уақытты пайдаланып жақын араласатын бір қыздан сұрадым. Қызығушылық танытқандай болып, дайындықтың уақытын, кейін Саске туралы əңгіме қозғадым. 

"Ол арамыздағы ұстазымыздың ең үздік шəкірті, жақында қара белдікке жеткен, керек десең номерін берейін, өзің сөйлесерсің" деді. 

Мен бірден телефон номерін жазып алдым. Кейін үйге қарай кеттім. Екі күнен кейін ол жігітке қоңырау шалдым. Ол телефонын көтерді. Мен одан дайындықтың уақытын сұрап, қалай жазылып тіркелуге болатынын білдім. Ол барлығына жауап берді. 

Одан кейін сол сəтті пайдаланып мен оны көретін болдым. Үйіміз бір көшеде орналасқасын дайындыққа бірге барып келетінбіз.

Бір күні үйде үлкен ұрыс керіс болды. Мен сол кезде үйден шығып кеттім. Мен сасқанымнан түнде Саскеге хабарластым. Ол əлі ұйықтамаған көрінді. Мен сол кезде онфң үй жағына бардым. Үйінің алдында əңгімелесіп отырдық. Мен үйде болған ұрыс-керісті айттым. Ол мені түсінді. Жəне мен үйге қайта барғым келмей, ол жігіттің үйінде түнеуді сұрадым. Саске аяушылық танытып маған рұқсат берді. Үйіне кірсем екі бөлмелі. Өзі жалғыз тұрады екен. Маған түпкі бөлмеге төсек орын дайындап, өзі басқа бөлмеге жатты. 

Негізі кішкентай кезімнен əкемнің айғайынан үрейленіп қалғанмын. Маған жылулық мүлдем танытпайтын. 

Мен ішімдегі ойымды ешкімен бөліспей тына беретінмін. Соңғы уақыттарда Саскемен жақын араласқалы, ол менім бүкіл қайғы мұңымды тыңдайтын.  Араласқанымызға екі айдан асты. Бір күні оған шын сүйетінімді айтқан едім, ол менің бетімді қайтарып тастады. 

"Сен менен 7 жасқа кішкентайсың, сезімге берілме, сен маған лайықты емессің" деп. 

Оның бүкіл айтқан сөзін көтеріп, сүмірейіп тұрдым. Ол менің телефон нөмірімді қара тізімге салып бұғаттады. 

Мен бірақ артқа қайтпадым. Басқа нөмір алып тағы хабарластым. Арасында ғана сөйлесіп, əңгімеміз ұзаққа созылмайтын. Көшеде көріп қалсам менімен амандаспайтын болды. Сол кезде мен өзіме қол жұмсағым келді. Көз жасымды төгіп:

"Менімен сөйлеспейтін болсаң өзіме қол жұмсаймын" деп телефон соқтым. Ол кездесейік, бетпе бет сөйлесерміз деді. Кездестік. Суық жүзбен қарсы алды. Бұрынғыдай жұмсақ сөйлескен жоқ менімен.

Сол кезде мен оған: "қазір арақ ішемін, неге осы адамдар мені түсінбейді" дегенде. Ол маған қарап үндемей қалды. 

Мен сол кезде оның алдында жалындым. "Менімен сөйлесші, барлық айтқаныңды орындаймын" деп. Ол келісті, бірақ менім сезімге берілгенімді білседе, ол мені арам пиғылмен пайдаланған жоқ. 

Кейбір кезде оның мінезін көтере алмай ренжіп қалатынмын. Сонда да қайта оған хабарласатынмын. Оның жалғыз тұрғанын пайдаланып, оның үйіне тағы бір рет қонуға бардым. Сол кезде мен оған өтіндім. "Мені пайдалансаңда болады" деп. Ол сол кезде мені шапалақпен бетімнен бір салды. 

"Мені зинаға итерме. Өзіңнің ар-ұятыңды сақта" деп. Мен одан кешірім сұрадым, кейін отырып жылап қалдым. Мені мүлде жұбатқан жоқ.

Осылай бір жылда өтіп кетті. Ол басқа қалаға көшетін болды. Мен жылап шығарып салдым. Ол басқа қалаға көшіп кетсе де, мен онымен сөйлесіп тұрдым. Кейбір кезде өкінемін еске алып, оны неге құшақтап алмағаныма.

Солай біз 2 жылдай сөйлестік. Кейін ол тағы нөмірін ауыстырғасын, ол хабарсыз кетті. Онымен өткізген əрбір секунд мен үшін қымбат болғанын еске алумен ғана болдым.

Арада екі жыл өткен кезде, ол жігіт менің нөмірімді тауып алып өзі хабарласты. Бірақ дөрекі сөйлескен жоқ. Қазір қайта сөйлесіп жүрміз. Ол өзі тұйық адам сезімге берілмейтін. Бəлкім мен оған үйлену жөнінде бірінші болып ұсыныс жасармын. Бəрібірде оны ұмыта алмаймын. Алдына барып тізерлеп жығылуға дайынмын. Осы жолы кездесуге шақырса, құшақтап аламын деп уəде беремін. 

Жарқанаттың шығармашылығынан

Қайын ата дейтін залым адамнан шаршадым
Қыздарымның басына бермесе екен..
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу