Пойыздағы проводник "белімді босатып алуым керек" деп мені оңаша алып шықты..

Oinet.kz 14-02-2024 1735

2019 жылы Карағандының Медициналық Университетін бітірдім, Алматыға үйіме қайтпақшы болдым. Поезға билеттер жоқ болды. Денсаулық жағдайыма байланысты автобуспен қайта алмадым, таксимен қайтуға қорықтым. 

155816_professiya_provodnik_vagona_poezda-min.jpg

Поездға билет алдын-ала алып коя алмадым. Себебі, сессия қай уақытта бітіп, құжаттарымызды толық алып кету үшін біраз уақыт керек болды. Сонымен "заяц" болып поездға отырдым. Проводникка 10 мың теңге бердім. Қостанай-Алматы бағытындағы поезд еді. Проводник семіз, қарны шыққан, бойы кішкентай, Қостанайдын тумасы. Өзім жас қызбын, ол кезде күйеуіммен қыз-жігіт болып сөйлесіп жүрдік. Жаңағы проводник, мені қайта-қайта сөзге тартып, қолын жүгіртумен болды, қолымнан ұстап, арқамнан ұстамақшы болып. Айттым: "Мен ондай жеңіл жүрісті қыз емеспін. Өзім енді оқу бітірген дәрігермін, ағаларымның бәрі жоғары қызметте, өз-өзіңізді ұстаңыз" дедім. Сонымен кетіп қалды.

Біраз уақыттан соң қайтып келді. "Белімді босатуым керек, менімен жатпасаң поездан жолдың бойынан тастап кетемін, бәріне жем боласың" деді. Мен жылап жібердім. Старший проводник үлкен кісі болды, көрді де, "қызға тиісе берме" деді. Сөйтіп өзінің кішкене туған қызын жаныма әкеліп отырғызып кетті. Сөйтіп аман-есен туған қалама жеттім. Таңертен поездан түсерде, жаңағы семіз проводник келіп кешірім сұрады. Жүріп жүрген қызының суретін көрсетті. Үйленейін деп жатырмын деп. Мен бақытты болыңыз деп кетіп қалдым. 

5 жыл өтседе ұмытпадым. Жаңағы проводниктің түрі бари есімде. Жаңағы жасы үлкен старший проводник ағаға алғысым шексіз.

Ләззат Ракишеваға келген хаттардан

Қыздарымның басына бермесе екен..
Әйел үйленген күні күйеуіне «сізден бала тапқым келмейді» деп ажырасып кеткен..
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу