Екі қазақ әйелге «шіріген жұмыртқасыңдар» деп едім ренжіп кетіп қалды

Oinet.kz 04-03-2024 2885

Осыдан он бес жыл бұрын көрші әйел қонаққа шақырды. Қаладағы медіресеге  Діни басқарманың  жолдамасымен бе әйтеуір екі түрік ұстаз келіпті. Көршім сол кісілерді отбасымен қонаққа шақырған екен. Ер адамдар бөлек, әйелдер бөлек дастарханда отырдық.

Screenshot_11.jpg

Екеуінің әйелі өзіміздің шығыстың, Зайсанның тумалары екен. Екеуі екі түріктен бес-бестен он бала тауыпты. Балаларының көзі көк, сап сары, тілдері түрікше. 

Тәуелсіздігімді алып, елге дін қанат жая бастаған 90-шы жылдары Қазақстаннан Түркияға діни медіресеге 88 ұл, қызды жіберген. Төрт жылда соның  22-і ғана бітіріп шыққан. Біздің екі қыз 13-14 жаста барып, 17-і жаста бітіріп шыққанда түріктер оларға жастары 30-дан асқан түрік азаматтарына күйеуге шығуға ұсыныс жасаған сияқты. Аналарынан қыздарының қолын сұрапты. Біздікілер келіскен.

Сонымен,екі қыз басында Түркияда тұрып, кейін күйеулері Татарстан, Башқұрстан медіреселері сабақ берген. Содан айналып біздің Семейге келіпті.

Балалары  қазақша мүлдем білмейді, қаладағы орыс мектебіне беріпті. 

Қарап отырып жыным келіп, қайтарда екі қызға "Әй, күйеулеріңде тіл бар да, сендерде тіл жоқ па? Балаларыңа қазақша неге үйретпейсіңдер? Неге түрікке күйеуге шықтыңдар?" десем: 

"Ауылдағы бізбен қатар жігіттер ішіп жүрді. Бұларда мұсылман ғой" дейді. "Оң-солдарыңды айыра алмайтын он жеті жастарыңда бір -бір кәрі түрікке қосақтап жіберіпті. Оған несіне мәз боласыңдар? Тым құрығанда елге келгенде балаларыңды неге қазақ мектебіне бермейсіңдер? Неге балаларыңмен тек қана түрікше сөйлесесіңдер? Бұл дұрыс емес. Шіріген жұмыртқа да, сендер де бір болдыңдар" деп қатты айтып едім. Екеуі жұлынып, балаларын киіндіріп үйлеріне қайтып кетті. Ана дастарханда отырған күйеулеріне айтып үлгермей қалдым.

Құралай Баяхметова

Қарғыстың мұншалықты күшті болатынын білмеппін ғой сорлы басым
Сап-сау әкемді мен өлтірдім бе? Нағашы әжем солай дейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу