Күйеуім мүгедек баламның түбіне жетпекші

Oinet.kz 06-04-2024 516

Жолдасым үйде балаларды ұрып, мүгедек баламды "өлтірем" деп қорқытқасын, полиция шақырғанбыз. Олар енді қайта жібермекші. Не істеуге болады? Келсе бірнәрсе жасап қоюы мүмкін. Қорқып отырмыз. 

Screenshot_10.jpg

Арыз жазып бердім. "Балаларды өлтірем" деп айтып, қорқытқанын қояр емес. 2 жылдай болды. 15 жасар инвалид балам бар. Соған күн бермейді. "Ажалың менен" дейді. "Кет" десем, кетпей жүрді. "Кететін болсам, балаларды өлтірем" деп қорқытады тағы. Газды ашып қояды. "Газға толған соң жарым жіберем" деп. Мен жоқ кезде қызыма қолына ыстық шәйнек алып жүгірген. "Арызды алмасаң, күн бермеймін бәрібір" деп отыр. Менде күйеуімнің даусы жазылған аудио бар. Инвалид баламды "түбі балғамен басын езіп өлтірем, сосын өзім өлем" деген. Соны участковыйға жазсаи, "керек емес ол аудио" дейді. Сонда құдай сақтасын, сондай жағдай болғанын күте ме? Оған дейін шара жоқ па? Қазір балаларым да қорқып қалған. Күйеуім өмірімізге қауіпті. 

Ләззат Ракишева

Instagram парақшасынан

Әйеліме жасағаным қарындасымның алдына келді
Күйеуімнен тірі кезімде қашып құтылғым келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу