Байдан байға тиіп жүре берем бе деп қорқып едім

Oinet.kz 08-04-2024 2097

"Күйеуім ұрады" деп шыдап көніп жүрген əйелдерге қатысты ойымды айтсам деп едім. Айтарвм көп, ойым шашыраңқы болса ренжімеңіздер. Менің жалпы миыма сыймайды біреуден таяқ жеу үшін өмірге келіп, күйеуге тидіңдер ме?

Screenshot_6.jpg

Ешкімнің құқы жоқ сені төмпештеуге. Ия түсінем, əркімде əртүрлі ситуация, біреудің қорғанышы жоқ, біреулер қорқады кетіп қалуға. Но всегда выход табуға болады, чем өмір бойы таяқ жеп, балаларыңның жүрегін ұшырып жүргенше. Бұл ретте мен марқұм Əкеме үлкен алғысымды айтамын, жаны жəннатта болсын. Отбасы болған соң ұрыс-керіс болады, но анамды ұрған емес. Жəне де бізді үнемі "ешкім сендерді ұруға тиіс емес, қорғаңдар өздеріңді, көнбеңдер ешқашан" деп өсірген. 21-22 жасқа дейін жігітпен серьезно жүрмегем, бірде ғашық боп қалдым бір жігітке. Ол үйленем деп, үйдегілер, ол дені дұрыс емес дегенге көнбей тұрмысқа шықтым. Себепсіз ұру дегенді сол кезде көрдім. Ғашықтықтан жүре бердім көніп, кейде кетіп қалам үйіме, жалынып өлердегі сөзін айтып үйімнен кашып əлгі жігітке қайта қосылам, бірнеше күннен кейін қайта қол көтеру басталады. Ұрам деген адамға сылтаудың да қажеті жоқ екен, өтірік қызғаныш, арақ ішкісі келсе сондай ауру екен. Мен ішпе деймін, ол ұрып тастайды. Бірде екі аяғымның ортасы бұтымнан тепкен, екіқабат болсаң алдыр деп. Алла маған мүмкіндік бергенін, сондай адамнан көтеріп қалмағаныма шүкіршілігімді айтып қаштым. Басқа қалаға кеттім. Мені қолдаған ата анама, туыстарыма мың алғыс. Қолдамаса сол адамның қолынан өлер едім. Қатты ұрып тастайтын басымнан. Сол кеткеннен мол кеттім. Кейін бұрын үйленбеген жігітке 26 жасқа келгенде тұрмысқа шықтым. Қорқыныш болды, бұл да ұрса нестеймін, байдан байға тиіп жүре берем ба деп. Аллама мың шүкір, 13 жыл болады үйленгенімізге. Қолының ұшын тигізген емес. 4 ші балама жүктімін. Қол көтерген күні кетем деп о баста айттым бірақ, бəрін мүмкін көтерем, но қол көтергенге шыдамаймын деп. Уəдесін берді, шүкір, сөзінде тұрды. Сол үшін қыздар, қол көтерген еркек қоймайды, баста түртеді, нқұиды, шұқиды, ұрады, тебеді,

Көнген сайын түбінде өлтіреді. Кешірім сұрайды, жылайды, өлердегі сөзін айтады. Мүмкін өзгеретіндер бар шығар. Но 99% өзгермейді. Енді қыздарыма тура əкем сияқты айтам менде. Шешесін ұрғанын көріп өскен қыз, негізі ойлаймын, туоа сондай болады. Көну керек, анам да көнді ғой деген сияқты. Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің деп бнкер айтылмаған сияқты

Таксисттің ұлын келіні дуалап алыпты
Аяғым ауыр, туайын десем күйеуімнен қорқамын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу