Экономикаға қандай мамандар қажет?

Oinet.kz 22-04-2022 6309

Елімізде экономикаға қажетті мамандықтардың өңірлік карталары жасалып, 2 миллионнан астам жаңа жұмыс орны құрылады. Жаңа кәсіпорындар салып, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін экономикаға жоғары білікті мамандар қажет. 

Screenshot_5.jpg

Бұл туралы ел экономикасының салаларын білікті кадрлармен қамтамасыз ету шаралары қаралған Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты. Бүгінде ескірген мамандықтар жойылып, жаңа мамандықтар ашылып жатыр. Мысалы 50-ге жуық ескі мамандық бойынша оқыту тоқтатылған және тиісінше 60-қа жуық бұрын-соңды оқытылмаған мамандықтар ашылған. Ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жұмыс күшіне енетін жастар санының айтарлықтай өсуі – 2030 жылға дейінгі еңбек нарығының негізгі сын-қатері болатынын айтып өтті. «Олай дейтініміз, 2000 жылдан кейінгі немесе демографиялық қолайлы жағдайда дүниеге келген тұлғалар еңбекке жарамды жасқа жете бастады. Сарапшылардың есебіне сәйкес, 2030 жылға қарай еліміздегі жұмыс күшінің 74 %-ын миллениалдар мен Z ұрпақтары құрайтын болады», – дейді министр. Яғни 1980-95 жылдар аралығында туған миллениалдар мен 2000 жылдардың Z ұрпағы.

Келесі технологиялар мен инновациялар таралуының  үдеуіне байланысты кейбір мамандықтар жоғалып, кейбіреуі пайда болады, ал тағы біреуі түрленіп жатады. Бұл сын-қатерлер мамандарды даярлау жүйесін әрі қарай тереңірек жаңғырту қажеттілігін айқындайды. «Сонымен қатар оның негізін Ұлттық біліктілік жүйесі құрайды. Былайша айтқанда, Ұлттық біліктілік жүйесі келесі сұрақтарға жауап береді.  "Экономикаға қандай мамандар қажет?". Кәсіптердің ұлттық классификаторы 2018 жылы енгізілді. Қажетті мамандар туралы ақпарат жинау пен статистикалық есеп осы классификатор негізінде жүргізіледі.  "Заманауи мамандар нені біліп, нені істей алуы қажет?". Бұл талаптар жұмыс берушілер өздері әзірлейтін кәсіптік стандарттарда бекітіледі. "Ол үшін мамандарды қалай оқытып, нені үйретеміз?" Бұл ретте, білім беру бағдарламалары кәсіптік стандарттар негізінде құрылуы қажет. "Мамандарды қалай танып, оларға біліктілікті қалай тағайындаймыз?". Бұл бағытты жүйелендіру үшін министрлік кәсіптік біліктілікті танудың бірыңғай жүйесін бекітетін "Кәсіптік біліктіліктер туралы" заң жобасын әзірледі.  Осылайша, ҰБЖ негізі енгізілді деп айтуға болады. Дегенмен жоғарыда аталған еңбек нарығының сын-қатерлері және ҰБЖ саласындағы проблемалар жаңа жағдайларға бейімделіп, бірқатар проблемаларды шешуді талап етеді», – дейді Тамара Дүйсенова. Бірінші проблема. Қолданыстағы сұраныс болжамдарының тәсілдерін жұмыс күшіне маман тапшылығы проблемасына немесе экономиканың кейбір салаларындағы мамандықтар артықтығына бейімдеу қажеттігі. Осыған байланысты биыл жұмыс күшін болжаудың тиісті құралдары жетілдірілетін болады. Келесі жылдан бастап қызмет түрлері бойынша нақты мамандықтар қажеттілігінің болжамы ұсынылады. Екінші. Мамандықтар кәсіптік стандарттармен толық қамтылмаған. Сондай-ақ министр Ұлттық кәсіптер классификаторы бойынша 12 мыңға жуық мамандық барын, олардың бекітілген 590 кәсіптік стандарт 2 689 мамандықты қамтып, экономикалық кәсіп түрлерiнiң жалпы классификаторы (ОКЭД) кіші сыныптың 27%-ын ғана жабатынын мәлім етті.

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов кәсіби кадр даярлау ісі Қазақстан үшін ең өзекті мәселелердің бірі екенін, отандық университеттердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және шетелдік ЖОО-да білім алғаннан кейін жастардың елден кетуін қысқарту үшін жоғары білім беру жүйесін қайта қарау қажеттігін атап өтті.

Елімізде азық-түлік сәуірге дейін қымбаттамайды
iPhone-да қазақ тілі пайда болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу