Әйел адамда болатын циститті емдеу

Oinet.kz 02-06-2020 1950

Цистит әйел адамдарда жиі әрі ауыр зәр шығару түрінде кездесетін ауру болып табылады. Егер циститті уақытда емдемесе созылмалы ауруға айналып, емдеу қиынға соғады.

kak-bystro-vylechit-cistit-v-domashnih-uslovijah.jpg

Циститтің пайда болу себебі

Бұл әйел адамның анатомиялық ерекшеліктерімен – несеп шығару каналы ұзындығының қысқа болуына байланысты. 3-4 см бөлік – микроағзалардың кіруі үшін өте қысқа жол.

Әйелдерде циститтің орын алуының екінші морфологиялық негізі – бұл қынаптың жақындығы. Бұл орган табиғатынан зарарсыздандырылмаған. Ол жерде гликоген бөлетін көптеген бездер бар. Бұл глюкоза ыдыраған кезде – бактериялардың дамуына тиімді орта жасайтын полисахарид болып табылады.

Жыныстық жетілу сатысынан бастап, болашақ әйел несеп қуысының қабыну қатері тобына жатады. Қынаптың микрофлорасы өзгереді. Жеке гигиенада тәжірибе жетіспеушілігі үрпіге патогенді микрофлораның түсуіне әкеледі.

Қыздық перде алынғаннан кейін бал айы кезінде циститтің орын алуы жиі кездеседі. Қынаптық бактериялар сонымен бірге несеп шығаратын каналға өтеді, осылайша қабынудың пайда болу қаупін жоғарылатады. Гинекологиялық органдарға күш түсу кезінде сырқат қатты ауыр және ауыру сезімдерімен бірге өтеді.

Ерекше биологиясының арқасында әйел адамдардағы цистит асқынуларға жол ашады.

Емдеу тәсілі

-Күніне 10-14 сұйықтық ішіңіз. Шайды сиретіп, кофе, спиртті ішімдіктерді мүлде тізімнен шығарыңыз. Олар қуықтың қабынуына әкеп соқтырады.

-Уақытша құрамында кальцийі бар тағамдарды (сүт, йогурт, айран, ірімшік т.б.) азайтыңыз.

-Ауырсынуды басу үшін төменгі жағыңызға, ішіңізге, арқаңызға жылы зат басыңыз. Жылы су құйылған бөтелке немес жылытқы (грелка) қоюға болады.

-Әр 3 сағат сайын сода (1 шай қасық) араласқан бір стақан су ішіңіз. Ол несептің қышқылдығын басады.

-Күнделікті жуынып, инфекциямен күресу үшін тазалыққа баса мән беру керек.

-Денені сығып тұратын киімдерден, синтетикалық матадан тігілген іш киімдерден бас тартыңыз.

Дәрігерге міндетті түрде тез арада көріну қажет, егер:

-1-2 күнде ауру басылмаса;

-Қызу түспесе, несепке қан араласатын болса;

-Цистит жүкті кезде орын алса;

-Екінші рет қайталанса;

Цистит басталғаннан дұрыс ем қабылдамасақ, инфекция бүйрекке дейін жетіп, үлкен қиындық туғызуы мүмкін. Сондықтан емдік шараларды толыққанды, арасын үзбей жасаған дұрыс.  

Психологиялық тест: «Айнаның бірін таңдаңыз!»
Күн тию мен ыстықтан қалай қорғануға болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу