Қауіпсіз өмір – маңызды мемлекеттік міндет

Oinet.kz 23-06-2022 814

Screenshot_8.jpg

Қазақстан Президентінің «Балалар жылы – 2022» шеңберінде іс-шаралар өткізу туралы тапсырмасын тиімді іске асыру, сондай-ақ Үкімет қаулысымен былтыр күзде бекітілген «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау үлттық жобасын» іске асыру аясында балалар мен отбасылардың денсаулығын және әл-ауқатын нығайту мәселелері бойынша тұрғындардың хабардарлық деңгейін арттыру мақсатында елімізде бірқатар іс-шаралар қолға алынған. Соның бірі – балалар жарақатының алдын алу.

Халықаралық жіктеуге сәйкес жарақаттар белгісіне қарай екіге бөлінеді: жазатайым оқиғаларға байланысты және зақымдануды оқшаулау. Сонымен қатар, жарақат біреу не бірнеше, көпше, аралас және аралас болуы мүмкін.

Бүгінде Қазақстанда балалар жарақаты төмендегіше жіктеледі:

1. Тұрмыстық жарақат – балалар мекемесінен тыс (үйде, пәтерде, аулада, гаражда, басқа да жерлерде) орын алған жазатайым жағдайлар;

2. Көше жарақаты – балалардың көшеде, ашық қоғамдық орындарда, далада, орманда, басқа да жерлерде алған жазатайым жағдайлар;

3. Транспорттық жарақат – әртүрлі көлік құралдарынан (автомобиль, мотоцикл, велосипед, ұшақ, пароход, троллейбус, трамвай, теміржол, ат-арба және т. б.) болған ауырсынулар;

4. Мектепшілік жарақат – мектеп ауласында болған кезде алған жарақаттар;

5. Спорттық жарақат – спортпен шұғылдану кезінде жарақаттар. Мектеп бағдарламасы бойынша дене шынықтыру сабақтарында оқушылардың алған жарақаттары бұл топқа енгізілмейді;

6. Басқа да жарақаттар – жоғарыда аталған жарақат түрлеріне жатқызылмайтын барлық жағдайлар.

Жарақат түрлерінің 60-68 пайызы тұрмыстық болып келеді. 7 жасқа дейінгі балалардың 80 пайызында осы түрі кездеседі. Оның үстіне балалардың 78 пайызы аулаларда жарақаттанады. Ал, 22 пайызы мекемелерде орын алады.

Елімізде жарақаттан болатын өлім-жітімнің көбі жазатайым жағдайлар мен ауруханаға жатқызылғанға дейінгі уланулардан салдарынан болады. Олардың 90 пайызы медициналық жедел жәрдем жеткенге дейін орын алады. 

Жазатайым оқиғалар кезінде бас сүйек-ми және аралас жарақаттардан болатын өлім-жітім артып барады. Еліміз жол апатынан көп азаматтарынан айырылуда. Жол оқиғасы өлімге соқтыратын ең көп себептің бірі болып тұр. Әсіресе 5-14 жас аралығындағы көп балалар ерекесектердің қателігінен өмір сүруін тоқтатады. Сондықтан жол апаты балалар өлімінің басты себебі деп айтуға болады.

Балалар жарақатының алдын алу – бала күту сеніп тапсырылған кез келген жастағы ересек адамның не маманның маңызды міндеті. Олар балабақша тәрбиешісі мен бала күтушісі, мектеп мұғалімдері, жетілдіру мекемелерінің қызметкерлері, жаттықтырушылар, балалардың қатысумен бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырушылар, тағы басқалар болуы мүмкін. Дегенмен, балалар жарақатының алдын алудағы ең маңыздысы – ата-аналардың мінез-құлқы. Көп жағдайда жарақаттың себебі балаға дұрыс күтім жасамау болып табылады. Балалар өздерінің физикалық әлсіздігіне, тәжірибе жетіспеушілігіне, қызығушылығы мен өз бетінше ұмтылысына байланысты қорғансыз, сондықтан олар үнемі ересектердің көмегі мен қамқорлығына мұқтаж. Ата-аналар балаларының қауіпсіздігін үнемі есте ұстауы керек. Перзенттеріне жеке қауіпсіздік негіздерін үйретуі тиіс.

Балалар жарақатының алдын алу ведомстводан тыс болуы тиіс. Әрбір жарақат жағдайын ескерту мүмкін емес. Бірақ, ауыр апаттар болуы мүмкін жағдайлар (жаяу жүргіншілердің, велосипедшілердің және көлік құралдары жолаушыларының қатысуымен болған жол-көлік оқиғалары, жаппай зақымдану және улану жағдайлары, өрт, балаларға қатысты қылмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары, объектілерді қорғаудың болмауы, ауыр жарақаттарға әкелетін экстремалды ойындар) туралы ескерту керек. Қауіпсіз өмір сүру ортасын құру арқылы балалар жарақатының алдын алу – бұл маңызды мемлекеттік міндет.

Қазақстанда мемлекеттік және жекеменшік балалар мекемелерінде жарақаттанудың алдын алу бекітілген бағдарламалар бойынша жүргізіледі: әр мектепке мектеп инспекторлары бекітілген, тіршілік қауіпсіздігі негіздері мен жол қозғалысы ережелері бойынша сабақтар жүргізіледі. Облыс орталығы мен қалаларда жыл сайын арнайы шектеу және ескерту белгілерімен жабдықталған жаңа автомобиль жолдары пайдалануға берілуде. Жолдың қауіпті учаскелерінде видеокамералар, жылдамдық өлшегіштер және жүру бөлігінде арнайы жолақтары бар жаяу жүргіншілер жолдары орнатылады.

Жалпы, облыстық балалар ауруханасы жедел медициналық көмек, өзін-өзі емдеу немесе санитарлық авиация желісі бойынша ауылдық жерлердің де, Шымкент қаласының да тұрғындарына мамандандырылған травматологиялық көмек көрсететін жетекші клиника болып табылады. Аудандардан әртүрлі сипаттағы жарақат алған барлық балалар осында жеткізіледі.

Еркебай БЕКТАЕВ,

Түркістан облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары, балалар травматолог-ортопед дәрігері

Ертеңіңді ойласаң, есірткіге жолама!
Эпиджағдай қиындап барады - Денсаумин
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу