Әлемдегі ең қызықты салт-дәстүрлер

Oinet.kz 31-05-2019 5807

Screenshot_3.jpg

         Жаңа заманда өмір сүріп жатсақ да әлемнің түкпір-түкпірінде жаһандану процесінен мақұрым қалған, ескі түсінікпен өмір сүріп жатқан ел, тайпалар көп екен. Олардың әсіресе салт-дәстүрлері, наным-түсініктері адам шошырлық.  Жаңа Гвинея аралында Канингара тайпасы өмір сүреді. Бұл тайпаның мынадай бір қатал діни рәсімдері бар. Адамның денесіне бамбук ағашының үшкір қалдықтары арқылы жолақ-жолақ етіп жарақаттар салады. Мұндай жарақаттан кейін адамның денесі қолтырауынның терісінен аумай қалады. Олардың түсінігі бойынша бұл адамның  қоршаған ортамен рухани байланысын күшейтеді-мыс. Ал Мұхаммед (с.а.у) пайғамбардың өлімінен кейін пайда болған шииттер ағымының өкілдері жыл сайын қасиетті Мухаррам айын тойлайды. Мерекеде көшеге шыққан ер кісілер шынжырға байланған алмаспен өз денелерін ұрып, кескілейді. 

Біздің көзімізбен қарағанда әділетсіз саналатын Сати дәстүрі Үндістанда таралған. Шарт бойынша ері қаза тапса әйелі де оның артынан о дүниеге аттануы қажет. Ең жаманы әйелді өзгелер тірідей отқа өртейді. Сол күні жесір ең таза, сәнді киімін киіп күйеуі жатқан отты жеті рет айналып, содан кейін мәйіттің үстіне өзі де жатып өртенуі керек. Рас Үнді үкіметі сатиге 1829 жылы тыйым салан болатын. Дегенмен оның қалдықтары әлі де кездеседі екен. Тибетте ағаш сирек өсетін болағандықтан олар мәйітті өртей алмайды екен, сондай-ақ  бақилық болған адамды жер қойнауына тапсыру үшін де жерді қазу оларға қиынның қиыны. Себебі топырақтары тым қатты.Тек монах немесе лама қайтыс болған жағдайда ғана олар осы екі әдісті қолданады. Ал қарапайым адамдар көз жұмса туыстары денені үш күн бойы отырғызып сақтайды. Кейіннен оны тау аңғарларына апарып, таспен өлікті майдалайды. Әбден бөлшектенген денені олар сол жерге қалдырып кетеді. Соңында мәйіт өлекселермен қоректенетін құстарға жем болып, таусылатын көрінеді. 

Қалта шайы - денсаулыққа зиян
Дәрігерлер ата-аналар мен балаларға тегін медициналық кеңестер берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу