Суррогат ана боламын деп сорлап қалған әйел мән-жайды ашық айтты

Oinet.kz 17-02-2023 4257

«Суррогат ана іздейміз» деген хабарламаны интернеттен көріп, хабарластым. Сөйлестім. Жақсы адамдар сияқты көрінген. Жарнамада жазылған мекенжайға бардым. Өздері алып кетті. Барған соң мені табиғи жолмен бала туып беруге мәжбүрледі. Ал келісімшартта эко арқылы туу туралы жазылған. Жарнамада да солай жазылған еді. Мені мәжбүрлеп, қинап ұстады.

Screenshot_4.jpg

Қашып кетуге бір-екі рет мүмкіндік болды. Анализ тапсырдық, нәтижесі шықты. Сол нәтижені алуға барған күні табиғи жолмен жүкті болғанымды білдім. Қасымда Назерке есімді тараздық қыз болды. Екеуіміз бірге үйге қайтамыз деп тұрған жерімізден ешқайда кетпейтінімізді айтып, пышақпен қорқытты. Сосын «анализге берген ақшаны, 40 мың теңгені берсеңдер, кетесіңдер» деген. Бірақ жібермей қойды. Ай сайын 70 мың, баланы туып болған соң 3 млн беруге келіскен. Ол ақшаға үй алуды жоспарлап едім. Әжем, балам – үшеуіміз пәтер жалдап тұратын едік. Сол үй алып, аяққа тұрсақ деген ниетім болған еді.

Жағдайымыз нашар еді. Ішерге тамақ, киерге киім таппай, үйіміз де жоқ болып, пәтер жағалап, қатты қиналдық. Мен бала туып беруге келіскен кісінің бірнеше үйі болды. «Өзім үй алып берем» деп те айтқан еді. Тіпті үйінің біреуін беруді уәде еткен.

Күйеуіммен ажырасқаннан кейін ешқандай көмек болған жоқ оның тарапынан. Балам да әлі кішкентай еді. Бар ойым үй алып, артынан оқу, диплом алып, тұрақты жұмысқа тұру болды. Бірақ бүкіл ойым, арман-мақсатымның күлі көкке ұшты. Сеніп барған жерім мені құлшылықта ұстап, ұрып-соғып, әбден қинады. Ол жер қыздарды некесіз ұстап, табиғи жолмен бала туғызатын жер болып шықты.

Бұл жағдайды «басқа қыздар осылай жасап, алданып қалмасын, қорлық көрмесін, менің қателігімді қайталамасын» деп айтып отырмын.

Жедел ішек инфекциясының алдын алыңыз
Іштен шыққан шұбар жылан (аңыз-әңгіме)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу