Қан ауруының 35 түрі бар

Oinet.kz 05-06-2015 1198

Әлемде қан ауруларының 35 түрі кездеседі. Оларды емдеу, диагностикалау тәсілдері де әр түрлі болып келеді.  Бүгінгі таңда адам ағзасындағы қан аурулары мен оның вирустары тудыратын қатерлі дерттер жаһан жұртшылығын алаңдатып отырғаны жасырын емес. Жыл сайын осындай диагноз салдарынан қаншама науқас көз жұмады.  Бұл дерт біздің елді де айналып өтпегені анық. Оңтүстік Қазақстан облысының штаттан тыс бас гематологының мәліметі бойынша өңірде созылмалы лимфолейкоз дертіне шалдыққан 25 адам есепте тұрады екен. Медицинаның күн сайынғы ізденісі мен дамуының арқасында мұндай науқастарды толық емдеп жазуға мүмкіндік болмаса да  химиятерапия арқылы дертті ауыздықтауға, тежеуге, яғни адам өмірін ұзартуға болады. Қан ауруларының басты белгілері мен оны емдеудің заманауи жолдары қандай деген сұраққа бас қатырған мамандар жақында облыстық клиникалық аурухананың мәжіліс залында «Созылмалы лимфолейкоз ауруын диагностикалаудың және емдеудiң заманауи қағидалары» тақырыбында конференция өткізді. Санкт-Петербургтен арнайы келген медицина ғылымдарының кандидаты Елена Стадник жергілікті мамандармен өз тәжірибесін бөлісе отырып, созылмалы лимфолейкоз, оны диагностикалаудың әдiстерi, емдеудiң тиiмдiлiгi, қатерлi дерттi емдеудiң соңғы жылдардағы жетiстiгi туралы айтты. Шеберлік сыныбы тұрғысында өткен жиында ресейлік маман науқасқа диагнозды дер кезінде қою маңызды екенін түсіндірді. 

Screenshot_5.jpg

Емдеу барысындағы бір ғана қателік науқастың өміріне қауіп төндіреді екен. Қатерлі дерттің басты белгісі адам денесінде бездің пайда болуы. Ал аурудың қандай себептен туындайтынын ғалымдар бүгінде анықтай алмай отыр. Дегенмен науқастың үнемі дәрігерлердің бақылауында болуы мен заманауи дәрі-дәрмек, химиятерапияның арқасында араға біраз уақыт салып белсенді өмір сүріп кеткен науқастар да бар екен. Шетелдерде шеберлік сыныптарын өткізіп жүрген Елена Александровна мойын тұсынан пайда болған бездің созылмалы лимфолейкозға ұласқан жас жігіттің толық емнің арқасында қазіргі таңда тәуір болып, үйленіп, екі бала сүйіп отырғандығын мысалға келтірді. 

Заманауи медицина жаңалықтарынан тыс қалмай келе жатқан жергілікті мамандар да  аталмыш ауруды емдеу жолдарын толық меңгерген. Гематолог Салтанат Нуридинқызының айтуынша, өңiрiмiздегi қан құрамын анықтайтын зертханалардың қызметiне шетелдiк әрiптестерiмiз тәнтi. Өте нәзiк жұмысты біздің мамандар қазір одан әрі жетілдіру үстінде. Мұндай маңызды конференцияға ұйытқы болған клиника басшылығы алдағы уақытта еліміздегі және шетелдік әріптестермен бірлескен түрде  жұмыс істеуді жалғастырамыз деп отыр. 

Ана сүтінің пайдасы
Балаңыздың портфелі гигиеналық талапқа сай ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу