Неге кей адамдар ән айта алмайды?

Oinet.kz 06-08-2020 1100

Музыкаға деген құмарлықты көп адам түсіндіріп бере алмайды. Кейбір жауаптар жаттанды келеді: физикалық және эмоциялық ауырлық күйін жеңілдетеді, көңіл көтереді, т.б.  Музыка адамдрға ауадан жеңіл күй сыйлайды (мұны ғылым да растайды). Музыка тыңдаған кезде миымыз допамин (ләззат пен тәуелділік сезіміне жауап беретін химиялық зат)  бөледі. Кәсіби музыканттар мен ән айта алмайтын адамдар арасында ми белсенділігінде айырмашылық бар ма?

image.png

Зерттеушілердің пікірінше, барлық адам ноталарды сезіне алады. Қызығы, планетадағы адамдардың шамамен 60% - ы ән айта алмайды. Ұзақ жылдар бойы нейробиологтар адамдардың музыкалық қабілетін зерттеп қорытынды шығаруға ұмтылған. Музыка қалай шығатынын, Ән мен тіл арасындағы байланысты, музыкалық білімнің ауқымын зерделеуге тырысқан.  Discover басылымының мәліметіне сай,   ән айтып жатқан адамның санасында ғажайып өзгеріс орын алады. 

image.png

Зерттеу нәтижесіне сүйенсек, адам  музыкалық білім деңгейі қандай болса да, ноталар мен ән айту ұзақтығын жақсы есте сақтайды. Музыканттардың кейбірінің ән айтуға қабілеті жоқ. Бұл ағзадағы бұлшықет жұмысынан бөлек. 

Талдауға кемі жеті жыл музыкалық тәжірибесі бар мамандар мен ән айта алмайтын адамдар қатысқан. Ән айта алмау музыканы қабылдаумен байланысты.  Кейбіреулер нотаны дұрыс естіп, сезіне алмайды. Немесе ән айту кезінде дыбыс жеткізуде қандай да бір мәселе болуы мүмкін. Зерттеуде компьютердің көмегімен синтезделген вокалдық кілттерді ойнату сұралды. Ғалымдар қарапайым құрылғының көмегімен ноталарды таңдап,  дыбысты жоғары-төмен етіп өзгертіп отыралы.  Екі топ та ноталарды дұрыс ести алды. Кәсіби музыканттар тезірек, басқа қатысушылар нотаны баяу болса да дәл қайталай алды. Бірақ оларды нота қайталауда өз дауыстарын қолдануды сұрағанда, ән айтуды білмейтіндер тек 59 пайыз жағдайда сәтті дыбыс шығарған. 

image.png

Зерттеушілердің пікірінше, мәселенің негізі қателерді түзету механизмінде . Ми сыртқы ортадан шыққан дыбысты қате қабылдағанымен қоймай, қанша тыңдаса да қатесін түзетпейді. Кәсіи музыканттар  алғаш рет қателескен тонның биіктігінқанша тырысса  ойнай алмады. Бұл мидың құлақтың көмегімен жазбаларды анықтағанын, қатені қайталайтынын көрсетеді. Біздің миымыз дұрыс нота жасау үшін дауысты сигнал беру қабілетіне ие.  

image.png

Адамның миы музыканы жақсы қабылдайды, сондықтан көпшілігіміз музыка тыңдағанды жақсы көреміз. Бірақ  ми  вокалдық қабілетке атысты ағза бһлігіне дұрыс емес нұсқаулар береді. Мидың жарақаттарын зерттейтін зерттеушілер сонымен қатар миды "қайта оқыту" мүмкін екенін анықтады. Ересектер үшін бұл көптеген жылдар бойы күнделікті тәжірибені қажет ететін өте қиын міндет болуы мүмкін. Қалай болғанда да, мүмкін емес ештеңе жоқ!  Егер сізде вокалға асқан қызығушылық және сабырлы мұғалім болса, онда бәрі жақсы болады.

Суреттер ашық дереккөзден алынды

Тағдыр саныңыз болашағыңыз туралы сыр шертеді
Психологиялық тест: «Өзіңіз ұнататын құстың бірін таңдаңыз!»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу