Атақты адамдар күніне неше кітап оқыған?

Oinet.kz 14-04-2019 2675

Кітапты өте тез оқып, мәтіндегі мәліметтерді тез қабылдап алу екінің бірінің қолынан келе бермейтін қасиет.  Жылдам оқу бұл арнайы әдіс-тәсілді қажет ететін өз алдына ғылым, тіпті өнер десе де болады. Ғалымдардың айтуына қарағанда, ересек адам минутына 120-180 сөзді оқи алады. Егер арнайы әдіс-тәсілді меңгерсеңіз, мұны 3-4 есеге дейін көбейтуге болады екен. Қазір ерекше қабілетті, оның үстіне арнайы әдіс-тәсілдерді үйрену  арқылы минутына 1000 сөз оқитын азаматтарды да кездестіруге болады. Алайда мұншалықты шапшаңдықпен сіз мәтінді толық түсінбей қалуыңыз мүмкін. Ал бар гәп сол оқыған дүниені миыңа сіңіруде ғой. 

Өте тез оқу қабілетіне ғылыми тұрғыдан қараған адам француздың көзі дәрігері Эмиль Жеваль екен. 1925 жылы АҚШ-та тез оқуға дағдыландыратын арнайы курстар ашылған. 1940 жылы тез оқуға жұртшылықтың қызығушылығы қатты оянып, бұл жөнінде арнайы оқулықтар шыға бастаған. Дегенмен бұдан мәтінді тез оқып, ондағы жазылған дүниелерді миына сол мезетте қондырып ала қоятын адамдардың саны көбеймеген екен. Тез оқу бұл табиғаттың адам баласына дарытқан сирек кездесетін сыйы десек те болады. Тарихта мұндай адамдар аз емес, дегенмен көп деп айтуға да болмайды. Мәселен... 

Screenshot_31.jpg

 Горький. Атақты жазушы Максим Горькийдің қалай кітап оқығанын  оның замандасы А.С.Новиков-Прибоя былай деп суреттеген екен: «Қолына алған бірінші журналды ол ортасынан бөліп қарай бастады. Оның не оқып отырғанын, не жәй ғана парақтап отырғанын түсіну қиын еді. Бір журналды қарап болған соң ол екіншісіне қол созды. Осы көрініс қайталана берді. Горьки журналдағы материалды солдан оңға қарай емес, жоғарыдан төмен қарай оқып жатқандай сезілді. Журналдың әрбір бетін оқып тауысу үшін оған бір минутқа жетпейтін уақыт кетті. Соңғы бетке барғанша ол осылай оқи береді. Тауысқан соң келесісін қолға алады». 

А.С.Новиков-Прибоя бұдан кейін Горькийдің қарап біткен журналдарын жинап алып, бастан-аяқ түгел оқып шығады. Оған бірнеше сағат уақыт кеткен. Журналдарда негізінен әңгімелер, сын мақалалар жарияланған екен. Ертеңіне ол оқыған дүниелерін қаншалықты түсінгенін білу үшін Горькиге сұрақтар қоя бастапты. Горький сұрақтарға жауап бергені былай тұрсын,  журналдағы авторлардың кейбір ойларын жатқа айтып беріп, таң қалдырыпты. 

Screenshot_32.jpg

 Ленин:«Ильичтің  кітапты тез оқып, ондағы жазылған дүниелерді толық түсініп алу қабілеті адам таңқаларлық еді. Ол кітаптағы әрбір сөзді емес, біз мезетте парақшаны тұтастай оқып шыққандай әсер беретін. Арада біраз уақыт өткенде ол оқыған мәтінен мысалдар келтіре бастайтын». Көсемнің жанында жүрген серіктерінің бірі П.Лепешинский осылай деп жазған екен. Ал, оның әйелі өзінің естелігінде былай деп жазады: «Ильичтің қолында шет тілінде жазылған бір кітап бар болатын. Ол кітапты жарты минут өтпей жатып парақтап отырды. Осыдан кейін мен одан:

- Сіз кітапты оқып отырсыз ба, әлде жай ғана парақтап отырсыз ба,--деп сұрадым.

Ленин:

- Әрине, оқып отырмын және де өте мұқият оқимын. Өйткені бұл оқуға тұрарлық кітап,--деді. «Сіз кітапты неге мұншалықты тез оқисыз?» деген сауалға ол: «Егер мен кітапты жәй оқысам, онда өзіме қажетті дүниелермен танысып үлгере алмас едім» деп жауап берді.  

Screenshot_33.jpg

Сталин:Сталиннің жеке кітапханасында Ресей классиктерінің барлық дерлік кітаптары, сонымен бірге Ресей, Совет энциклопедиялары, сөздіктер, анықтамалар  жеке шығармалар болған. Әсіресе, ол Пушкинді және Пушкин туралы жазылған кітаптарды жақсы көрген екен. Сталин бұл кітаптардың көпшілігін оқыған және өте ыждақаттылықпен оқыған. Өзіне ұнаған кітаптарды бірнеше қайтара оқыпты. Оның үстелінің үстінде үнемі түрлі түсті карандаш тұрған. Кітаптағы кейбір сөздерді ол осы карандашпен астын сызып, кейде бос тұрған жерге өзінің ойларын жазып қалдырған. Иосиф Виссарионович күніне бірнеше кітапты таусыпты. «Менің күндізгі нормам 500 бет» дегенді ол кабинетіне келушілерге айтып отырады екен. Сталиннің кітапқұмарлығын, жан-жақты білімділігін замандастары да өз естеліктерінде жазып кеткен. 

Screenshot_34.jpg

Чернышевский: Орыстың атақты революционер-демократы, жазушысы Николай Чернышевский бір мезгілде кітапты да оқып, хатшысына неміс тілінен аударылған мәтіндерді дауыстап айтып отырған. Ғалымдар бұл өте сирек кездесетін қабілет дейді

Вашингтон: Таңертеңгілік газетті Вашингтон дауыстып оқыпты. Өзінің барылдаған даусымен ол көршілерін де жиі мазалаған дейді. Ол «газетті дауыстап оқу арқылы мәтінді толық түсінемін және ондағы өтірік пен шындықтың арасын ажыратамын» депті.  

Screenshot_36.jpg

 Маркс: «Кітаптар менің құлдарым» дегенді  Карл Маркс айтқан  екен. Ол оқыған әрбір парағына белгілер қалдырып, айбақ-сайбақ еткенді жақсы көреді екен. 

Screenshot_40.jpg

 Рузвельт : АҚШ президенті Франклин Рузвельттің кітап оқуға деген құмарлығы ерекше болған. Қарпайым адам бір рет назар аудару арқылы бір сөзді оқыса, ол тұтас абзацті бірақ оқыған. Бір отырғанда бір кітапты тауысуды әдетке айналдырған және кітап аяқталмайынша орнынан тұрмаған. Рузвельт тез оқуды ерекше ынта-ықыласпен игерген адам. Ол алдымен бір мезгілде мәтіндегі төрт сөзді  оқуды меңгеріпті. Бұдан кейін бес, алты сөз...Ақыр аяғында оны сегізге дейін жеткізген.

Screenshot_37.jpg

Бальзак: Кітапты қалай оқитынын Бальзак былайша суреттеген екен: «Мен 7-8 сөзді бірден оқуды үйрендім. Оқыған сөздерді миым да соншалықты тез қабылдайтын. Кейде сөйлемдегі бір сөзді ғана оқу арқылы оның мән-мағынасын толық түсіне қоятынмын». 

Screenshot_38.jpg

Гитлер: Кітапқұмар адамның бірі  Гитлер болған. Бір таңқаларлығы, кітап таңдамаған. Қолы бос кезде қолына түскен кітаптың бәрін талғамсыз оқи берген.  Ол алдымен кітапты әр жерінен  парақтап көріп шығады екен.  Егер ішінде қажет-ау деген жері болса оқыған, бірақ Гитлердің бір ерекшелігі кітапты бастан-аяқ емес, тек қажет-ау деген тұстарын ғана сүзіп оқыған  көрінеді. Оның жеке кітапханасында  классикалық дүниелерден ештеңе болмапты. Гитлер өзінің көркем дүниелерді оқығысы келмейтініне өмір бойы өкініп өткен екен. 

Он жылдан кейін бал арасы жойылып кетеді
Марс аспанда айдан да үлкен болып көрінеді. Бұл қаншалықты шындық?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу