Марс аспанда айдан да үлкен болып көрінеді. Бұл қаншалықты шындық?

Oinet.kz 15-04-2019 1757


Screenshot_3.jpg

Тамыз айының соңында марс ғаламшары жерге жақын келіп, ол түнгі уақытта айдан да үлкен болып көрінеді. Қазір көпшіліктің арасында осындай әңгіме жүр. Бұл қаншалықты шындық?

– Ешқандай да шындыққа сәйкес келмейді,– дейді ғарыш әлемін зерттеуші ғалымдар. –Бұл 2003 жылдан бері интернетте таралып келе жатқан әңгіме. Рас,  биыл сәуір айында марс пен жердің арақашықтығы қысқарып,  92 миллион шақырымды құрады. Соңғы рет мұндай құбылыс 2007 жылдың желтоқсанында болған. Ал бұдан кейін ол 2016 жылдың 22 мамырында қайталанады. 

Марстың аспанда ай сияқты үлкен болып көрінуі мүмкін бе?  Ғалымдар мүмкін емес дейді. Марстың диаметрі айдан екі есеге үлкен, ал салмағы тоғыз есеге көп. Егер марс ғаламшары аспанда ай сияқты көрінерлік қашықтықтан өтер болса, тартылыс күштерінің әсерінен ол жермен соқтығысып, адам айтқысыз апатқа ұшыратар еді. Марс жерге 60 миллион шақырым қашықтыққа дейін жақындай алады және мұндай құбылыс әрбір 15 жыл сайын қайталанып отырады. 

Рас, 2003 жылы марс пен жер арасындағы жақындық рекордттық көрсеткішке жетіпті. Мұндай жақындық біздің жыл санауымыздан бұрын 57 617 жылы кездессе, келесісі 2287 жылы болады екен. 

Содан бері әр жыл сайын «марс аспанда айдан да үлкен болып көрінеді» деген әңгіме тынымсыз айтылып келеді. 

Атақты адамдар күніне неше кітап оқыған?
Біз қалай күлеміз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу