Әлемдегі жалғыз Тенере ағашын құлатқан кім?

Oinet.kz 20-08-2019 1212

 fakty-samoe-odinokoe-derevo-tenere.jpg

Тенере ағашы

Жер бетіндегі ең жалғыз ағаш Нигер Республикасының солтүстік шығысындағы Тенере шөлінде өсіп шыққан. Климатының қолайсыздығынан 400 км аумақта бірде-бір ағаш, тіпті өсімдік өспейтін шөлде мұндай акацияның қалай өсіп шыққанын ешкім де түсіндіре алмаған. 30-жылдары бұл ағашқа қызығушылық танытқан ғалымдар оны зерттеу нәтижесінде оның 300 жаста екенін мәлімдеген.

Осынша жыл бойы жалғыз ағаш ыстық шөлдегі ілескен керуеншілерге нағыз жұмақ іспеттес болған. Себебі оның көлеңкесінде отырып демалуға және сусындап шөлін қандыруға болатын. Жанынан екі құдық қазылған. 30 метр тереңдіктегі жер асты суына тамыры жеткен акация қураудан аман қалған.

Бірнеше мыңдаған жылдар бұрын ол жердің климаты өмір сүруге қолайлы болған, өзен ағып, өсімдіктер жайқалып тұрған деген болжам алға тартылады. Археологтар шөл аумағынан жебенің ұштарын, жираф, піл, бөкендердің сүйектерін де тапқан.

Алайда туарегтер, яғни сол жерде ежелден қоныстанған бербер қауымының халқы бұл пікірмен келіспейді. Шөл тұрғындарының өз түсіндірме нанымдары бар. Олардың сенімі бойынша, найзағай мен күркірдің құдайы жас қайсар баланы Адобу құдайына басын имегені және оған құрбандық келтірмегені үшін жаза ретінде ағашқа айналдырып жіберген.

Туарегтер тілінде Тенере атауы «оқшау жер» деген мағына береді. Солай екені анық, негізгі керуен жолдары бұл қонақжай емес өлкені айналып өткен. Шөл арқылы тек бір ғана жылына екі рет қана Бильма қаласының ауданынан тұз тасымалдайтын керуен жүретін 700 км-лік жол ғана кесіп өткен.

Жергілікті тұрғындар жалғыз ағашқа ешқандай зиян келмеуін қадағалап отырған. Тіпті бір бұтағын сындыру өте ауыр қылмыс саналған. Алайда осындай бақылаудың өзінде ағашты аман алып қалу мүмкін болмаған. 1959 жылдың өзінде француз этнографы Анри Лот акацияның қиын жағдайы екенін алға тартқан. Ағаштың басы дауылдан сынған. Әйтсе де ағаш өзінің өмірі үшін күресіп, өмір сүріп, өзінің көлеңкесімен жолаушыларды шөлден құтқарып тұрған.

Трагедия 1973 жылы орын алған. Жүк көлігін масаң күйде басқарып келе жатқан жүргізуші ағашқа соқтығысып, біржола құлатқан. Бір қызығы, өлген ағашқа ерекше құрмет көрсетілген. 8 қараша күні оның діңі Нигер мемлекетінің астанасы Ниамейге көшірілген. Нигер ұлттық мұражайында оған арнап арнайы павильон орнатылған. Көшіруді ұйымдастыруға арнайы комиссия құрылған.

fakty-samoe-odinokoe-derevo-tenere-3.jpg

Тенере ағашының павильоны

Ал жалғыз ағаш 300 жыл бойы тіршілік еткен орынға металлдан ескерткіш орнатылған. Ол ескерткіш тек акация ағашын еске алу үшін ғана емес, шөл далада керуеншілерге жол көрсету үшін де қызмет еткен. Айта кететіні, ағашты масаң жүргізуші құлатты деген нұсқамен келіспейтіндер де бар. Ағаштың құлауына өте қатты соққан жел себеп болған деген де тұжырым бар.

fakty-samoe-odinokoe-derevo-tenere-2.jpg

Тенере ағашының ескерткіші

Тіпті 1:4000000 масштабындағы картаға түсірілгендігі де жалғыз ағаштың ерекшелігіне дәлел бола алады. Мұндай сыйға әлі ешбір ағаш ие болмаған.

Ер адамдардың негізгі типтері қандай?
Маяковскийдің өлеріндегі соңғы хаты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу