Лаваштан Напалеон торты

Oinet.kz 30-10-2019

tort_quotnapoleonquot_s_zavarnim_kremom-369893.jpg

Бұл рецепт уақытын үнемдегісі келетіндер үшін және диетадағы қыз-келіншектер үшін таптырмас рецепт. Енді Напалеон тортын жасау қиын емес, ол үшін лаваш қамыры болса жеткілікті.

1 жұқа лаваш қамыры

1 жұмыртқа

1 нәруыз

200 мл сүт

10 гр күріш ұны

5-10 гр қант

Дайындау тәсілі:

Лаваш қамырын бірнеше қабаттап алыңыз да, диаметрі 12 см болатындай етіп дөңгелектеп кесіп алыңыз. Содан соң шетіндегі кесінділерімен қоса 150 градус қызып тұрған пеште ашық қоңыр түске дейін қыздырып алыңыз. Кремін дайындау үшін қалған барлық ингредиенттерін ыдыста араластырыңыз да, жай отта 8-9 минут үнемі араластырып отырыңыз. Қоймалжың күйге жеткен кремді оттан алып, суытыңыз да, әрбір қабатына жағып шығыңыз. Камырдың кесінділерін майдалап, бетіне себіңіз. Дайын болған Напалеон тортын бір түнге тоңазытқышқа қойыңыз. Асыңыз дәмді болсын!

Құймақтан Фледле тағамы
Қызыл балық котлеті

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×