Лотаринг көмеші

Oinet.kz 06-11-2019 967

Screenshot_15.jpg

Құрамы: 

- Бәліш қамыры;

- 4 қалың бекон тілімі;

- 1 стакан 250мл;

- қою кілегей;

- 1/2 ст майлы емес кілегей(10% аспауы керек)

- Тұз бен ұнтақталған бұрыш;

- жұпар жаңғағы;

- 3/4 ст 90г үгітілген грюйер ірімшігі;

- 6 порция.

Дайындалуы:

- Духовканы алдын ала 190 градусқа дейін қыздырып алады. Бәліш қамырын нұсқауға сәйкес дайындайды. Оны жайып, бәліш пісіретін жайпақ табаға диаметрі 23см етіп салады. Қамырдың бетін жұқалтырмен немесе пергамент қағазбен жауып, формасын келтіру үшін қандай да бір жүкпен яки құрғақ бұршаұтармен басып қояы. Томпайған жерлерін шанышқымен теседі. Духовкаға қайтадан салады да, қатайып, қызарғанша шамамен тағы 5 минутқа қалдырады. Торға ауыстырып қояды. Температураны 180 градусқа дейін төмендетеді.

- Бұл мезетте беконды қытырлақтанып, қоңыр түске енгенше табада орташа температурада шамамен 8 минут қуырады. Қағаз сулыққа салып, майын сіңіртіп алады.

- Тегешке тең бөлікке жұмыртқа мен кілегей, 1/2 шай қасық тұз, жұпар жаңғағы мен үгітілген ірімшіктің жартысын алып, шайқайды. Дайын беконды піскен қамыр ретінде салып, жұмыртқа қоспасын құяды. Қалған ірімшікті бәліш бетіне себелейді.

- Бәліштің жоғарғы бөлігі көтеріліп, алтын түстес болғанша 25-30 минут духовкада ұстайды. Тор үстіне қойып, 15 минут қалдыру керек. Кесіп, жылы күйінде немесе бөлме температурасындай күйде қонақтардың алдына қояды. 

Баку пахлавасы
Апельсин балмұздағы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу