Пита қосылған Таяу Шығыс салаты

Oinet.kz 06-11-2019 929

Пита қосылған салат.jpg

Құрамы:

- 1 пита, диаметрі 20 см;

- 1 үлкен, туралған піскен қызанақ;

- 3/4 ст 60г туралған көк жуа;

- 1/2 ағылшын қияры, қабығы аршылып, төртке бөлінеді, дәндері алынып, кесектеліп туралады;

- 1/2 ст 20г ірі туралған балауса ақжелкен;

- 2 ас қасық анар шырыны;

- 1 ас қасық қызыл шарап сірке суы;

- 2 ас қасық зәйтүн майы;

- Тұз бен ұнтақталған бұрыш;

- 4 порция.

Дайындалуы:

- Духовканы 165 градусқа дейін қыздырады. Питаны 2 дөңгелек шелпекке бөледі. Екі бөлігін де жайпақ табаға салып, қытырлақ қабық пайда болғанға дейін, бірақ қоңырайтпай 3-4 минут қуырады. Суығанға дейін алып қоя тұрады. 

- Үлкен тостағанға қызанақ, көк жуа, ақжелкен салып, араластырады.

- Тұздық дайындау үшін кішкентай шарада анар шырынын, сірке суы мен зәйтүн майын араластырады. Дәмін келтіріп тұздап, бұрыш салады. 

- Дастарқанға қояр алдында ғана питаны 2,5 см бөліктерге үзеді. Салатқа дәмдеуіш құйып, пита бөліктерін қосады да, мұқият араластырады. Салат дайын!

Апельсин балмұздағы
Еріншек варениктер рецепті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу