Отандық шоу-бизнес өкілдері «Қалаулым» жобасына қарсы шығуда

Oinet.kz 18-03-2020 1496

Қазақстандық танымал әншілер де "Қалаулым" жобасына қарсылықтарын білдіруде. Бастапқыда жобаға қонақ ретінде барған олар, бүгінде жобаның қатты майдалананып кеткендігін жеткізді. Бұл туралы олар Мұхит Сапарбаевпен болған сұхбаттарында айтты деп хабарлайды Oinet.kz. 

47f527d8-a711-4b52-aff5-f096a60f0602.jpg

- Басында ашылғанда кішкене дұрыстау болып ашылды негізі. Бірінші бағдарламалары. Сол кезде біз де барып өнер көрсетіп, ән айтып қайттық. Кейінгісі енді қатты майдаланып кетті. Мен ойлаймын, ол жерде тәрбиесі, мағынасы бар ештеңе көріп тұрған жоқпын. Сол үшін ондай бағдарламалар ертерек жабылса дұрыс деп ойлаймын. Арсыздық қой. Дәу плакат ұстап алсам болады "Арсыз" деген, - дейді әнші Айдар Тұрғанбек. 

- Қараймын. Қарағанда күнде қарамаймын. Ютубты ашып қалған кезде мынау әлі болып жатыр ма деген сияқты. Ол жерде алатын ештеңе жоқ қой. Мен сол Қалаулымға барып звезда болдым, мен актриса болдым деген кезде жаман жылағым келді ше.  Өзін айқаймен көтеріп, олай звезда болудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Өте санамыз уланып жатыр, - Жұлдызай Дүйсенбиева. 

- Қалаулымда ол жерде ұнамайтыны қатысушы қыздар. Әдепті емес. Мысалға, ер адамдарды сыйлап үйрену керек. Ол жерде жігіт іздеп кеп отыр ғой өздері. Өздерінің сыпайылығын таныту керек. Үлкен демейді, кіші демейді бәрінің бетн жұлып алуға дайын тұрады. Ол дұрыс тәрбие емес, - дейді Гүлзира Айдарбекова.

Елімізге белгілі шоу бизнес төңірегінде жүрген тұлғалар осылай пікірлерін білдірді. 

Отандық әншілер коронавирустан қалай қорғануда?
Нұржан Керменбаев қызына елде жоқ есім бермек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу