Айгүл Иманбаева халықтан кешірім сұрамады

Oinet.kz 20-05-2020

Белгілі отандық әнші Айгүл Иманбаева "Астарлы ақиқат" бағдарламасына келіп өз ақиқатымен бөлісті.  Қалың жұртшылықты алдауға түсірген ұтыс ойындарын тоқтатқандығын жеткізді, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

Бағдарлама барысында журналист Дина Төлепберген "Халық бізден кешірім сұрасын деп жазып жатыр. Өйткені сіз халықты "тобырға" теңепсіз" - деген сұрағына Айгүл Иманбаева өз жауабын берді. 

- "Иә, мен "Aigul Imanbayeva LIVE" ютуб-каналымда өзімнің жауабымды берген болатынмын. Мен "Халық - ұлық, тобыр - былық" деп айттым. Бұны мен ауадан алып, ойдан құрастырып жазған жоқпын. Халық даналығына сүйене отырып, Абай атамыздың 17-ші қара сөзіндегі "Көпте, яғни тобырда ақыл жоқ" деген сөзіне сүйене отырып, тіліме тиек еттім. Менің халықты тобыр деп айтуым мүмкін емес. Ол ақталғандық емес, сөзді саралап, ара-жігін ажырату керек шығар. Өз ұлтымды ұлы деп білемін, өз ұлтымды биік деп есептеймін", - дейді Айгүл.

Ерке Есмаханды сыйлыққа көмкеріп жүрген сері кім?
Айгүл Иманбаеваның лоторея ойнатушылардан қанша ақша алатыны белгілі болды

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×