Әнші Сәкен Майғазиев сауабы мол іс атқарды (фото)

Oinet.kz 04-08-2020 1535

Қазақ этрадасының белді мүшесі Сәкен Майғазиев коронавируспен күресіп жатқан алматылық дәрігерлерге бір тонна қымыз таратты, деп хабарлайды Oinet.kz Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. 

image.png

Әншінің айтуынша, мұндай шараны ұйымдастыруға 22 күн коронавируспен ауырып, айығып шыққан танысы себеп болған. 

- "Кәдімгідей уайымдадық. Дәрігерлердің қаншалықты қиындықта, тар жол тайғақта жандарын шүберекке түйіп жүріп жұмыс істегенін көріп, онсыз да әлеуметтік желілерден көріп жүрміз, хабардармыз. Осы орайда дәрігерлерге де бір ынта, күш-қуат берейік деген ниетпен, сосын ауырып жатқан адамдарға да кішкене шипа екенін естіп, ұлттық асымыз, бабадан қалған мұрамыз қымызды әрі дәріптеу мақсатында, әрі дертке дауа ретінде 900 литр, жалпы 1 тонна деп айтуға болады, тараттық. Жалпы COVID-19-ды емдеп жатқан, арнайы мамандандырылған үш ауруханаға бердік.

Барлығы ақ батасын беріп жатыр, дәмін көріп, ризашылығын білдірді. Қымыз дәруменге толы, қаншама дәрінің орнын алмастыра алады. Сондықтан қазаққа тән адал асымызды тараттық", - дейді әнші. 

image.png

Сонымен қатар, әнші жақында қазақтың ұлттық сусындарының бірі қымыз сату кәсібін қолға алғанын айтты. Әншінің айтуынша, бұл кәсіпті ашуға барша бауырына деген жанашырлық сезім себеп болған.

- "Оның үстіне, қымыз бағасының шарықтап кетуі, науқастарға, дәрігерлерге қолжетімсіз екенін ескере отырып осы идеяны қолға алдық", - дейді Сәкен Майғазиев. 

Жолдың қақ ортасында етбетімен жатқан Гүлназ Жоланова сынға ілікті
Белгілі әзілкеш Дәурен Айдарқұловтың жағдайы қиын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу