Италиялық әнші Димашқа әсерлі ән арнады (видео)

Oinet.kz 29-10-2020

Италиялық әнші Фабио Касале Димаш Құдайбергеннің құрметіне ән арнады деп хабарлайды Oinet.kz. 

image.png

Фабио жаңа әнді өзінің YouTube-тегі парақшасында жария еткен. Үш минутқа созылатын ән орыс тіліндегі аудармасымен бірге жарияланған. Онда италиялық әнші Димашты періштеге теңеп, Димаштың дауысы жүрекке үміт отын жағатын, жан жарасын емдейтін ерекше қасиетке ие екені сөз етіледі. Фабио әнді "Шексіз періште" деп атаған. Әнді тыңдаған Димаштың жанкүйерлері италиялық әншіге мақтауларын жаудырды.

- Фабио, сіз керемет жансыз. Димаштың арқасында сіз секілді дарынды жандармен танысудамыз. Қазақстан өз ұлын мақтан тұтады", "Керемет дауыс, әдемі ән", "Димаш италиялық әндерді жақсы көреді, біз де оның Италияға қашан келетінін күтіп жүрміз", "Керемет жан туралы тамаша ән", - деп жазған пікір қалдырушылар. 

Баян Мақсатқызы мен күйеуінің видеосы желіні шулатты (видео)
Қайрат Нұртастың анасы жаңа кәсібін көрсетіп желіні шулатты (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×