«Олар қоғамдағы азғын ұрпақтар» - Жанар Айжанова

Oinet.kz 12-03-2021 1621

Танымал әнші Жанар Айжанова 8 наурыз мейрамы күні Алматы қаласында ұйымдастырылған әйелдер шеруіне қатысты өз пікірін білдірді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

Жанар Айжанова.jpg

- Мұртқа өкпелеп жүргенде сақал шықты деген сөз бар көнекөзден қалған. Кешегі митингке шығып жатқандар қазақтың кәдімгі қаракөз қыздары мен жігітсымақтары. Бұның аржағында пиғылы жаман, еліміздегі шикі өкпе жастардың миларын ашытып, алдап-арбап соңдарына ілестіріп, тұқымымызды тұздай құртқысы келіп жүрген сырттан келген дұшпандар. Оларды қолдап, бір бірімен төсектес болғысы келіп арманда қалып жүрген еркектер, немесе бір біріне байға тиеміз деген әйел жыныстылар. Олар қоғамдағы азғын ұрпақтар. Сайып келгенде ата-ананың уысынан шығып кеткен бетімен кеткендер. Сол үшін ағайындар отбасында әке де, шеше де ұл-қыздарын көздерінен таса қылмауы керек деп ойлаймын. Кіммен жүр, жүрген ортасы қандай бәрін жіті қадағалап отыруы керек. Дастаханға отырғанда, тұрғанда ас қайтарып бата жасау. Жұма күні құран оқып, дұға жасауды үлкендер үлгі қылып көрсетіп отыруымыз керек. Үйге келген қонақтарға ержеткен балаға арақ құйғызып, соған мәз болғанша, бала кезінен жүректеріне иманның дәнегін егу керек. Осы бәлекеттердің бәрі имансыздықтың нәтижесі. Құдайдан қорықпаған адам ештеңеден де тайынбайды. құдай бетін ары қылсын. Ойланатын уақыт жоқ, өзімізді өзіміз қорғамасақ басқаның жаны ашымайтыны анық. Болшағымызға балта шабылып жатқанда қарап отыра алмаймыз енді. Үлкендер айтыңыздар ақылдарыңызды бала-шағаға - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары да әншінің пікірімен толықтай келісетіндігін айтып, қолдауларын білдіруде.

- "Жанар! Өте дұрыс айттың. Не пәле болсада біздің елден шығады. Қатаң тәртіп жоқ. Осындай пәлелерді шет елде ғана бар деп ойлаушы едік. тіпті сұмдық болды. Совет үкіметі кезінде әр ұлтты халықтар болса да осы пәлелер қазақтан шықпаушы еді. Осыларды сұрайтын, тиым салатын басшылар,депутаттар неге үнсіз", "Дұрыс айтасыз балаларға қарап байға қарамай не істемекші", "Кеше көріп, камзол киіп, 50-ден асқан әйелдің сөзін естіп, қатты ұялдым. Байтал шауып, бәйге алмас... Не сұрап жатқанын ұқпадық... Қазақ жатыр емес, артында қалатын ұрпағын ойлаған. Өте ұят нәрсе екен... Жазғандарын оқысаңыз мән-мағына жоқ. Бұл да арнайы жоспарланған шара сияқты... Бұған рұқсат берушінің не түсінігі аз, не қазақилық жоқ", ""Әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ" - деген осы болды ма, жеткен жеріміз осы ма", "Бәрекелді! Ұрпақ қамын ойлаған ана сөзі. Дұрыс айтады. Тәрбие тал бесіктен - , деген емес па. Баланы бастан қадағалау керек, ұлттық тәрбие негізімен. Дүбаралар балаларымызды уламасын" - деп жазды желі қолданушылары.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zhanar_Aizhanova (@zhanar_aizhanova)

Ұлықпан Жолдасов пен қызының суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)
«Алла қаласа енді екі ұлдың анасы болсам» - Алтынай Жорабаева
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу