Уәлибек Әбдірайымов Нұрлан Қоянбаевқа ашулы екенін жеткізді (видео)

Oinet.kz 06-04-2021 2214

«Шаншар» театрының директоры Уәлибек Әбдірайымов қазіргі қазақ киносына көңілі толмайтындығын жеткізді. Сонымен қатар, сөз арасында Нұрлан Қоянбаевқа ренжулі екендігін жеткізді. Бұл туралы ол "Қасқа жол" бағдарламасында айтты. 

Уалибек пен Нурлан.jpg

- Идеология саласының ең биік шыңында тұрған нәрсе - кино. Киноны жасы да кәрісі де көреді. Кино - тәрбие құралы болып тұр. Ал, кино арқылы халықты тәрбиеге шақыратындай қылайық. Жақсы кинолар бар. Түсіріліп жатыр. Бірақ менің айтатыным, орысша, қазақша араласатын киноны тоқтату керек. Түпкілікті тоқтату керек. Түсіргіңіз келіп бара жатса Россияға барып түсіріңіз. Болмаса осында түсіріп Россияға сатып жіберіңіз. Біз жастарды орысшаға тәрбиелеп жатырмызба. Сол киносында қазақты мақтап жатса мақұл. Кинода өте бір сауатты сөздер орыс тілінде сөйленеді. Ішінде бір қатын ауыл әкімі болатын болса орысша сөйлеп жүр ол. Конфликт болмайды ғой бізде. Біз осылай айтып жүре береміз ғой. Нұрлан Қоянбаев айтыпты: келіп ол кісі де жүр ғой, концерт құрып, ақша тауып. Біз де ақша тауып жатырмыз деп. Ал, менің концертімде орысша сөз бар ма? Біз сахнада кімді көтермелеп жатырмыз, кімді айтып жатырмыз. Біз олай ұлтымызды таптап жатырмыз ба? Олар енді қарамайма не түсіріп жатқанын. Мен кіммін, ол кім? Ол сұмдық адам ғой. Ол үлкен режиссер ғой. Не қылады мені ол, ол қабылдамайды да мені. Одан кейін, менің жасым үлкен ғой. Не қыламын. Қазір жас балдар үлкендерге сәлем бермейді. Көрдіңіз ба айтып тұрған сөзін? Келіп айтпай ма деп - деді Уәлибек Әбдірайымов. 

Димаш Құдайбергеновтың ата-әжесімен түскен суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Жұлдыз Абдукаримова жар болатын жан іздеуде (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу