115 млн теңге тұратын алқаны таққан әнші Сәдуақасова қызу талқыға түсті

Oinet.kz 13-07-2021 3655

Танымал әнші Мадина Сәдуақасова отбасымен Біріккен Араб Әмірліктерінде демалып жүр. Өнер иесі Дубай қаласының әсем жерлерін аралап қана қоймай, бағалы бұйымдар дүкеніне де баруға үлгерген. Әнші ол жерде 115 млн теңге тұратын әшекейді тағып, оны сатып алуды көздеп тұрғанын жеткізді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. 

Мадина.jpg

- Дубайға келген адам міндетті түрде алтын алуға, көруге барады! Мен де келдім қазір, мына үстімдегі сұлулық жүрегімді соқтырып, басымды айналдырып тұр. Бүкіл жиған тергенімді жұмсаймын, бірақ алам деп тұрғанмын ғой. Бағасын естіп, сол тұрған жерімде осылай бумеранг болып әлі тұрмын. Титаниктегі “ Мұхит жүрегінің” тура өзі сияқты. Танзаниттың ең ірі тасы алқасында, жан жағында бриллианттар. Жұмысы мінсіз, - деп жазды әнші. 

Мадина Сәдуақасова аса қымбат алқаның бағасы 270 мың доллар тұратынын айтты. Ол дегеніміз - 115 млн теңге. Әртістің жанкүйерлері бірден әшекейді қызу талқылап, оның бағасына қатысты өз ойларын айтты. 

- "Меніңше, аса әдемі емес", "Арзан тұратын секілді", "Сізге жарасып тұр. Сатып алыңыз", "Барлығымыздың несиемізден де қымбат сияқты ғой", "Соншама ақшаны құртудың қажеті не", "Тасы басқаша болғанда жақсы болар еді", "Бастысы жүрегіңізді тас баспасын. Алқа аса көңілімнен шықпай тұр", "Сол ақшаға сай ма екен", "Керемет жарасып тұр", - деп жазуда көпшілік.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мадина Садвакасова (@sadvakasovamadina)

Баян Мақсатқызы мен танымал продюсердің биі желіні жарды (видео)
Танымал блогер 21 отбасыға азық-түлік таратып, көмек берді (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу