«Ееех, шіркін-ай» - Қарақат Әбілдина жан сырын ақтарды (видео)

Oinet.kz 05-10-2021 1697

Танымал әнші Қарақат Әбілдина Қазақстанның түкпір түкпірінде жетігенде ойнай алатын шәкірт тәрбиелей білгеніне қуанатынын жеткізді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

image.png

- Архивті ақтарып отырып Айсұлтанымның кішкентай кездегі видеосын тауып алдым. Осындай әдемі музыкалық көңіл-күймен жақсы демалыс тілегім келеді сіздерге. Әр адам өмірге келгенде артынан із қалдырып, қандай да өзіндік бір қолтаңбам болса деп армандайды ғой. Сол сияқты мен де ойланам: Өмірге, Өнерге не бере алдым?!

Күпі киген қазақтың қара өлеңін,

Шекпен жауып өзіне қайтарамын, - деп Мұқағали ақын айтқандай, мен де ұмыт болып бара жатқан ұлттық аспапты қазақпен қайта табыстыруға себепші болғаным үшін шын қуанамын.Қазір қарап отырсам әр қаладағы мектебімнің өзінде 500-ден астам жас өнерпаздар жетігенде ойнайды екен.

Осыдан 15 жыл бұрын жетігенші түгіл, жетіген аспабын ұстап көрмеген едік. Ал бүгінде Аллаға шүкір бұл аспапты білмейтін қазақ кемде-кем. Әр қалада жетігеншілер ансамблі жасақталып өнер көрсетіп жүр. Осы орайда жүздеген шәкірт тәрбиелеп шығарған, ұлағатты ұстаз @nurgul.zhakypbek апайымызға алғыс білдіргеніміз жөн-ау.

Алла разы болсын! Қайталау қашанда оңай. Ал бұрын соңды болмаған жаңаша дүние жасап ұсыну,ол енді бөлек әңгіме. Ееех, шіркін-ай, Алланың берген ғұмырында ұлтыңа қызмет қылып,ұлтыңның үнін жасампаздықпен жаңғырта білгенге не жетсін! - деп жазды ол. 

View this post on Instagram

Публикация от Karakat Abildina (@karakat_a)

Мейрамбек Бесбаев ұлы мен қызын өз бейнебаянына түсірді (фото)
Димаш Қытайға барып образын өзгертті (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу