«Бастарына тиген күні түсінер»: Айдарбекова немерелерінің орысша сөйлеуін келіндерінен көрді

Oinet.kz 26-07-2022 2212

Отандық әнші Қайрат Нұртастың анасы немерелерінің орысша сөйлейтінін сынаған елге жауап берді. Және келіндерінің өз сөзіне құлақ аса бермейтінідігін де айтып қалды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_25.jpg

Продюсер өз перзенттеріне бірінші кезекте ана тілін үйреткенін айтады. Сөзінше, кезінде Қайратты кей адамдар орысша сөйлей алмағаны үшін сынға алған. Оңтүстіктен шығып, қазақи ортада өскенімен, Қайраттың балалары негізінен орыс тілінде сөйлейді. Мұны байқаған көпшілік олардың ата-анасына шүйлікті. 

"Біз ұлдарымызды солай тәрбиеледік. Кезінде елден "Қайрат орысша сөйлемейді, сөйлей алмайды" деген қаншама мысқыл сөз естідік. Бірақ "өз тіліңнен ұялма, басқа тілде шүлдірлегендер өз тілін білмегеніне өздері ұялсын" деп ескертік отырдық. Ал енді немерелердің жанында бола бермейміз. Оның үстіне келіндер "өз анасымыз, өзіміз тудық, өзіміз білеміз" дейтін шығар. "Иә" деп қояды да өз білгендерін жасайды ғой. Әрине, сын айтылған сайын жерге кіретін біз, бастарына тиген күні түсінер", - деді Айдарбекова.

«Түсімде көрдім»: Роза Әлқожа ауыр отадан шығып, оқырмандарымен байланысты (видео)
«Қартайғанша ән айтатын мақсатым жоқ»: Әнші Әмре ел күтпеген мәлімдеме жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу