«Аналар қашан ұйықтайды»: Гүлнар Сілбаева жан айқайын жеткізді

Oinet.kz 18-08-2022 1088

Былтыр тұңғышын дүниеге әкелген Гүлнар Сілбаева босану хикаясын айтып берді. Айтуынша, ол уақытынан екі ай бұрын босанған. Дәрігерлер Гүлнарға шұғыл түрде ота жасаған. Бұл туралы Сілбаева Айнұр Ілиясованың MOM'sкий әңгіме подкастында айтты. 

Screenshot_11.jpg

Сілбаева жүктілігінің 32 аптасында қан кеткенін айтады. Ол ауруханаға түсіп, 4 күн жағдайының оңалғанын күткен. Алайда төртінші күні дәрігерлер шұғыл ота жасау керектігін, баланың өмірін сақтап қалудың өзге жолы жоқ екенін ескертіпті. 

"Басқа жол жоқ, тек кесарь тілігімен шұғыл түрде босанасың деді. Оған моралдық тұрғыдан мүлдем дайын болмадым. Жарты сағаттан кейін маған ота жасады. Маған баланы көрсетті. Оны бірден таныдым, өйткені УДЗ-дан көрген едім", - дейді актриса. 

Шала туылған сәби жан сақтау бөлімінде бірнеше күн жатқан. Салмағы небәрі - 1,845 келі. Осы ретте Сілбаева уақытынан бұрын босанып қалатын аналардың жан айқайын жеткізді. 

"Уақытынан ерте туған барлық балалар оттегі баллонының астында жатады. Оны жарты сағат сайын аналардың өздері ауыстыру керек. Ол медициналық құрылғы болғандықтан, оны арнайы білімі бар маман қолдану керек емес пе? Одан бөлек, баланы екі сағат сайын тамақтандыру керек. Палата мен жан сақтау бөлімінің арасы алшақ. Сол кезде аналар қашан ұйықтайды деп ойладым. Ол мүлдем ұйықтамаса, сүт қайдан пайда болады?" - дейді Сілбаева.

«Қоя салшы, Жахан»: Кезекті фильмін түсіруге кіріскен Жахан Отарғлиев сынға қалды (видео)
«Еркексің бе осыған келіс, болмаса юбка киіп ал»: Гүлзира Айдарбекова ұлы туралы сөзге жауап берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу