«Өтініш, ерлер қауымы, нәпсіні қойып, жанұяға көңіл бөліңіздерші»: Ерке Есмахан

Oinet.kz 22-08-2022 1126

Отандық әнші Ерке Есмахан қалың малының қанша екенін сұраған оқырманына, "қалың мал айтатын жағдайда еместігін" айтты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_10.jpg

Ол болашақ жарын таңдау, одан қалың мал құнын сұрауға қатысты ойын білдірді. 

"Мен қазір қалың мал айтатын жағдайда емеспін-ау. Керісінше, Алла қосқан еріме қайырлы жар болып, несібемізді бірге еселеп, Алла қаласа, ұрпағын көбейтіп, жолдасыма, барған жеріме қолымнан келгенше қолдау болып жүрмесем, басқа зияным жоқ келінмін", – деді Ерке.

Әншінің айтуынша, болашақ өмірлік серігінің бойында болуға тиісті негізгі қасиет - шынайылық. 

"Қалған қылығын қасиетті қылып аламын. Мінсіз адам жоқ", - дейді әнші. 

Одан бөлек, Ерке тек балалары үшін ерімен бірге тұратын әйелдерге жаны ашитынын білдірді.

"Әйелдің 40 жаны бар деп айтады ғой. Негізі 40 жаны жоқ. Еркек сияқты әйелдің де тек бір ақ жаны бар. Өтініш, ерлер қауымы, соны түсініңіздерші! Балаларыңыздың анасын бақытты қылуға тырысыңыздаршы. Өмір жалған, нәпсіні қойып, жанұяға көңіл бөліңіздерші. Түбінде сол балалар өсіп, солардың қызықшылығы маңызды болады. Әр қазақ қызы бақытқа лайықты", - дейді Ерке Есмахан. 

«Еркектер қатын болып, әйелдер ер болды ғой»: Әуелбекованың ермінезділігіне жұрт сүйсінді (видео)
«Одан Рымбаева тіпті бір көйлекке ақша тапса, бұйырмасын»: Роза Рымбаева
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу