«Ішім, сыртым рухани бай болғандықтан көп нәрселер мен үшін маңызды емес» - Ерке Есмахан

Oinet.kz 04-07-2023 1953

Танымал отандық әнші Ерке Есмахан өнерден алыстап кеткенін мойындап, оқырман сауалына жауап берді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_3.jpg

Желі қолданушысының: “ Енді гастрольдік сапарға шықпайсыз ба?” деген сұрағына Ерке Есмахан: “Бұрын үй көрмей, ұшып-қонып жүретінмін. Ақша табу керек деп. Сол кездері дәл осы сәтті армандайтынмын. Жәй ғана әйел бақытын армандайтынмын. Алла қазір арманымды орындап, молынан беруде, шүкір! Гастроль, концерт, тойға қазір көп шықпаймын. Қаласам шығармын анда-санда. Әзірге осы күйім өзіме ұнайды. Арқа сүйер, асыраушы күйеуім бар. Мен еркелеушімін”, – деп жауап берді. 

Мальдив аралдарында отбасымен демалып жүрген өнер иесінен оқырманы шомылатын киіммен әдемі суреттер күтетінін айтып қалды. Әнші бұл сауалды да жауапсыз қалдырмады.

“Ойбай, ешқашан ондай сурет салмағанмын. Қазір салуға тіпті кеш болар”, – дейді Ерке Есмахан.

Әнші әлеуметтік желідегі теріс пікірлермен және хейтерлермен қалай күресетінін айтты.

“Мына сұраққа орысша әдемі жауап бергім келіп тұр. Ойымда орысша сөздер тұр, бірақ ұйқастыру қиындау. Біреуге бір нәрсе дәлелдейтін кезеңнен баяғыда өтіп кеттім. Ішім, сыртым, рухани бай болғандықтан көп нәрселер мен үшін маңызды емес. Жүйкемді құртпаймын”, – дейді өнер жұлдызы.

«Айтпаған, үркітпеген сөзі қалмады»: Ертай Нүсіпжанов Жүрсін Ерманға қатысты былықтарды ашты
«Содан көзім тартылып, ашылыңқырап тұр»: Мұхамеджан Тазабек көзіне ота жасатқанын мойындады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу