«Комаға түскен»: Композитор Арман Қайназаровтың өліміне қатысы бар күдікті ұсталды

Oinet.kz 21-09-2023 1047

Әнші, композитор Арман Қайназаровтың өліміне қатысы бар күдікті ұсталды. Бұл туралы полиция Massaget.kz-ке берген жауабында мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_34.jpg

Алматы қалалық Полиция департаменті мәліметінше, бұл дерек Алатау аудандық полиция басқармасында тіркелген.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Осы қылмысты жасады деген күдікті "ізін суытпай" ұсталды. Ол қамауға алынды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр", - делінген полицияның Massaget.kz-ке берген жауабында.

Еске салайық, бұған дейін композитор Арман Қайназаров қайтыс болғаны хабарланған еді. Бұл ақпаратты Massaget редакциясына журналист Тимур Нұғман растады.

"Ол 4 қыркүйекте Шаңырақ шағынауданындағы кафе маңында жігіттермен төбелесіп қалған. Сол күні жансақтау бөліміне түсті. Кейін комаға түскен. 19 қыркүйекте ол қайтыс болды", - деген еді журналист. 

Актер Жанболат Найзабек «Өнер қырандары» театрынан кетті
«Өзі де шошаңдап жүреді, өзінен көрсін»: Әбілмансұр Серіков әкесі туралы бар шындықты айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу