«Машинаның жартысы жоқ»: Айжұлдыз Адайбекова жүкті кезінде жантүршігерлік жол апатына түскен

Oinet.kz 21-11-2023 1742

Актриса Айжұлдыз Адайбекова әлі күнге дейін апаттан қалай аман қалғанын түсінбейді. Сөзінше, ол сәтте жанында бұрынғы қарым-қатынаста болған адам болған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі “Дәстүрлі подкаст” жобасына сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

“Рөлде ол кісі отырған. Екеуміз де ұйықтап кеткенбіз. Таңға жуық уақыт болатын. Машинаның сау-тамтығы қалмаған. Көзім ілініп бара жатқанда құлағыма шуылдаған дыбыс келген. Ұйқы қысып бара жатқанда ештеңеге қарамай ұйықтай бересің ғой, дәл сондай күйде отырған едім. Бір кезде сынған әйнектердің дауысын естідім. Денеме қатты зат тиді. Екеуміз де көзімізді қатар аштық. Машинада емес далада отырған сияқтымыз. Әйнек түгі қалмай үгітіліп кеткен. Есімізді жиып машинадан түссек, жартысы жоқ. Екеуміздің саусағымыз да қанамаған. Ұлыма да ештеңе болмай, аман-есен дүниеге келді”, – деп қорқынышты күнді еске алды ол.

Актрисаның айтуынша, екеуі араласып жүргенде шытырман оқиғаға жиі тап бола берген. Соның бірі Қапшағай қаласында болған. 

“Біздің Қапшағайда таза емес энергетика бар. Ол жаққа түсірілімге баруым керек болып, сол кездегі жігітімнің машинасымен шықтық. Қателеспесем ол жақта бір қонақ үй бар. Ол өте арзан және көне стильде жасалған. Түн ортасы болғаннан кейін, ертең ерте тұрып, жол жүреміз деп шештік. Одан кейін бізге бір нөмер берді, соған кіргеннен кейін өзім біртүрлі болдым. Бірақ қасымдағы адамның көңіл-күйі жақсы болған соң, сол жерде түнедік. Ұйықтауға жатқанда менің көпке дейін ұйқым келмеді. Жарықты өшіргенім сол еді, бір мысық жүгіріп өтті. Перде қозғалды. Қатты қорқып кеттім. Қасымдағы адамды оята алмадым. Бір кезде ол өзі шошып атып тұрды. “Тез-тез киініп шық, кетеміз” деді. Жол бойы ештеңе айтпай, бір кезде отырып, болған жағдайды айтып берді. Екеумізге де бірдей елес көрінген. Жуынатын бөлмеде қап-қара шашын жайған қызға ұқсайтын қорқынышты бейнені көрген. Сол оқиғадан кейін түсініксіз күйге түстік”, – дейді актриса. 

Еске салайық, Айжұлдыз Адайбекованың түс көріп, оның өңінде орындалғанын жазған болатынбыз.  

«Екі күннен кейін айырылып қалдық»: Айжұлдыз Адайбекова ерекше түс көргенін айтты«Екі күннен кейін а
«Қайын атаның қадірі кеткен заман-ай»: Танымал актер Жүсіп Ақшораның келіні елді шошытты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу