Вайнер Мейіржан Төребаев неге үйіне жіберілді?

Oinet.kz 20-05-2024 705

Бір күн бұрын әлеуметтік желіде қаржы пирамидасын құрғаны үшін бес жылға сотталған Мейіржан Төребаевтың әйелі Дана Есеева күйеуі мен балаларының үйдегі суретін жариялады. Оның айтуынша, Мейіржан Төребаев заңға сәйкес қысқа мерзімді демалысқа шығарылған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_6.jpg

Павлодар облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі мәліметінше, Алматы аудандық сотының үкімі бойынша, бес жылға сотталған Мейіржан Төребаев жазасын №44 мекемеде өтеп жатыр, ол "Еңбек-Павлодар" филиалында "Еңбек" ШЖҚ РМК-да жұмысшы болып орналастырылған.

"Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 113 бабы негізінде 2024 жылы 17 мамырда Төребаев Мейіржан Мылтықбайұлына мекемеден тыс жерлерге шығуға, атап айтқанда, 2024 жылы 17 мамырдан бастап 2024 жылы 27 мамырға дейін Алматыда жол уақытын қоса есептегенде, 11 күнтізбелік күнге анасының ауруына байланысты қысқа мерзімді демалыс берілді", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Есеева Дана Сабировна (@dana_yesseyeva)

«Ажырасқан жігіттермен жүрмеймін»: Балжан Бидаш жеке өмірі туралы бар шындықты жайып салды
Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі Мақпал Жүнісова тұратын үйді неге «қораға» теңеді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу