«Екі жарым жыл ішпедім»: Мұрат Әбділда түрмедегі өмірінің қалай өткенін айтты

Oinet.kz 18-09-2024 1544

Әлеуметтік желі арқылы танымал болған Мұрат Әбділда Qogam Dauysy подкастында абақтыдағы уақыттың қалай өткенін айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_40.jpg

“Мен сотталатыныма сенбедім. Қолыма кісен салғанда қол-аяғымды сезбей қалдым. Артық айтқан сөзім үшін сотталып кеттім. Қазір заң қатал. Түрмеге түсу үшін адамды ұрып-соғып, өлтірудің қажеті жоқ. Біреуді балағаттағаның үшін де істі боласың. Бірақ осы жағдай мені өзгертті. Мұның да қайыры бар деп ойлаймын. Барлығы біледі, мен ішетінмін. Ал түзету мекемесінде арақ-шарап жоқ. Сондықтан екі жарым жыл қаным таза болды, ішкен жоқпын. Бостандыққа шыққан соң да өзіме деген сенімділік пайда болды, ішкен жоқпын. Алланың қайырлы бір ісі сол болды”, – деді желі жұлдызы. 

Сонымен қатар әуесқой әнші абақтыда отырып, жалқаулықтан арылғанын да айтты. 

“Бостандықта жүрген кезінде дүние қуып, плагиатқа, жалқаулыққа, өтірік істерге үйреніп қалған едім. Өзім ақын болған соң кез келген шетелдік әнге сөз жазып, студияға барып, жаздыра салатынмын. Бірақ мен негізі композитормын. Қазақ елі менің композитор екенімді біледі. 22 әнімің біреуі өзімдікі. Сол жаққа барып, Алланың қалауымен 95 ән шығарып қайттым. Ешқандай плагиат емес, қазақтың бір жігітінің шығарған әні деп білсеңіздер екен. Сөзін де өзім жаздым. Қыркүйек айының соңында "Маған ұнайсың" деген керемет әнімді сіздерге ұсынамын", – деді Мұрат Әбділда.

Димаштың ата-анасы болашақ келіні туралы айтты
«Салта денемнің әр бөлігінде өмір сүріп жатыр»: Марқұм Нүкенованың анасы жазба жариялады (ВИДЕО)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу